Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президентін қабылдады

30 Қазан, 2024 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мариус Визерге дзюдоны дамытуға және насихаттауға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді. Президенттің айтуынша, Қазақстанда спорттың осы түріне қызығушылық зор. Әсіресе, балалар мен жастар арасында танымалдылыққа ие.

— Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы өзара ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Бүгінде дзюдоның әлемдік спорт қоғамдастығында алатын орны зор. Дзюдо Қазақстанда да өте танымал спорт түрі. Елімізде көптеген секция мен жаттығу орталықтары жұмыс істейді. Онда 160 мыңнан аса адам, солардың ішінде балалар да жаттығады. Жақында өткен Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Сондықтан біз Халықаралық дзюдо федерациясымен қарым-қатынасты өркендетіп, ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз, – деді мемлекет басшысы.

Мариус Визер Қазақстанда дзюдоны дамытуға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

— Қазақстанға келу – мен үшін үлкен мәртебе. Сізге және еліңізге дзюдоға ғана емес, әлеуметтік интеграцияның және бейбітшіліктің бірден-бір тетігі саналатын спорттық қозғалысқа қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Дзюдо қауымдастығының барлық мүшесі ортақ мақсатқа жұмылады. Бұл – қоғамда лайықты орны бар азамат тәрбиелеу, – деді Мариус Визер.

Ол Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйытқы болуымен IJF академиясын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл аймақтағы жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлайтын орталықтардың бірі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен ұзақмерзімді ынтымақтастығының перспективасы жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, 2027 жылы елімізде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін пысықтады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстанда дзюдоны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Мариус Визерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

дзюдо Президентін Тоқаев федерациясының халықаралық қабылдады

Оқылып жатыр

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.