Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

23 Қыркүйек, 2025

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев
  • «Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды
  • Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты
  • «Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)
  • Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды
  • «Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр
  • Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық
  • Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісуда АПВ-ға қарсы вакцинация жүріп жатыр

12 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы.  Оның 14 түрі онкогенді. Папиллома вирусы адамнан адамға теріден-теріге және шырышты қабаттар жанасуында беріледі, яғни, тұрмыстық байланыс арқылы және жыныстық қатынас кезінде берілуі мүмкін.

ДДҰ мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломавирусы (АПВ) тудырады.

«Қазақстанда жыл сайын 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел көз жұмады. ЖМО-нан зерттеуге алынған материалдардың 74,2%-ында 16,18 серотиптер анықталған. Жетісу облысында 600-ге жуық әйел ЖМО-мен есепте тұр. Жатыр мойны обырын тудыратын АПВ болғандықтан, АПВ-ға қарсы екпе алып, ЖМО алдын алуға болады»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасымен екпе жүргізеді. Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады.

АПВ-ға қарсы вакцинаның құрамында белсенді вирустық антигендер немесе вирустың ДНҚ-сы жоқ.

  • 6, 11, 16 және 18 типті АПВ капсидті ақуызымен бірдей құрылымға ие синтезделген ақуыз молекулалары;

Вакцина суспензия түрінде болады, ол толығымен пайдалануға дайын және қосымша еріткіштерді қажет етпейді.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес АПВ қарсы екпе 11 жастағы қыздарға жасалады. Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес екпені 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға толықтыра вакцинация жүргізіледі.

Бұл жас ДДҰ ұсынымына сәйкес таңдалған, өйткені 11-14 жас аралығында алған вакцинация ересек жастағы вакцинациямен салыстырғанда неғұрлым тиімді, тұрақты иммунитет қалыптасады.

Бүгінгі күні АПВ ға қарсы екпемен 2553 қыз қамтылды, оның 1198-ы 11 жасар, 1355-і 12-13 жастағылар.  Вакцинадан кейін ешбір қолайсыз есер тіркелмеген.

Облыста медициналық ұйымдарда 200, мектептерде 230 егу пункті, 54 егу бригадасы ұйымдастырылды.

Ата-аналарды, қыздарын ЖМО-нан қорғайтын вакцинаны алуға шақырамын!

 

Оқылып жатыр

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)

«Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

Соңғы жазбалар

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

23 Қыркүйек, 2025

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)

23 Қыркүйек, 2025

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды

23 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр

23 Қыркүйек, 2025

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

23 Қыркүйек, 2025

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

23 Қыркүйек, 2025

«Қу жанын сүйреп келді»: Көпшілік Торғайдағы айтыста төбе көрсеткен Жүрсін Ерманның жағдайына алаңдап қалды (ВИДЕО)

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.