Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

24 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты

24 Қыркүйек, 2025

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді
  • Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты
  • БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев
  • «Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды
  • Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты
  • «Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)
  • Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды
  • «Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

17 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Тұрар және Түркістан идеясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ұйымдастыруымен өткен жиынға Түркия, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен арнайы өкілдер мен еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылар, Тұрартанушы азаматтар арнайы қатысып жатыр. Оқу ордасының мәдениет сарайына келген қонақтар алдымен арнайы көрмені тамашалап, тұлға тарихы таспаланған фото-шежіремен танысты.

Ауқымды жиынның модераторы – академик, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев алғаш болып сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Содан соң ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаты оқылды. Наурызбай қажы, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Баярхуу Дорж, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төрағасы Зауытбек Тұрысбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова сөз алып, сан қырлы қасиетіне тоқталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының ықыласын жеткізді.

– Біз қашан да ұлын ұлықтап, тұлғаларын қадірлеген халықпыз. Сондықтан да олардың еңбегі тарих беттерінде алтын әріптермен жазулы. Бұл маңызды жиынның Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Өйткені, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды көшбасшы Тұрар Рысқұлов өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістан идеясын көтеріп, Түркі жұртының тұтастығына бар ғұмырын арнады. Түркістанның ойшылы, Түркі әлеміне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауидің «Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет» деген қанатты сөзі бар. Тұрар Рысқұловтың өмір жолы осы ұстанымға толықтай келеді. Халқына адал қызмет етті, отаншылдық пен адалдықтың өлшеміне айнала білді. Ол – Түркістандағы түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, дипломат. Ұлт санасына сілкініс әкелетін мұндай маңызды бастамалар 100 жыл бұрын Тұрардай тұлғалар бастаған бауырластық идеясын іске асырудың алғышарттарына айналары анық. Ізгілікті істердің заңды жалғасы ретінде бастау алған бүгінгі шараның берері мол болмақ. Бүгінгі конференцияда ғалымдарымыз, зиялы қауым өкілдері тарапынан Тұрар Рысқұловтың саяси, рухани, тарихи болмысын ашып, тың деректер айтылады деп сенемін! – деді әкім орынбасары.

Мазмұнды жиын әрі қарай панельдік сессияға ұласты. Онда Тұрар Рысқұловтың тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы жайлы баяндамалар жасалды. Бұдан бөлек қонақтар мерейтойға арналған конференция аясында шынар ағашын отырғызды. Ал туған жері Түлкібас ауданында рухани шара өз жал,асын тапты.

Қазіргі таңда Тұрар Рысқұловтың еңбектерін насихаттап, есімін ұлықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысында Түлкібас ауданының орталығы және аудан, қалалардағы 3 мектеп пен 40-тан аса көше мемлекет қайраткерінің атымен аталады. Сонымен қатар Тұраркент ауылында арнайы музейі жұмыс істеп тұр.

Т.Рысқұлов ең алдымен көрнекті қоғам қайраткері. Түркістан газетінде жарыққа шыққан Ахмет Өмірзақтың «Тұрар Рысқұлов – мемлекетшіл тұлға атты» мақалада оның 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу жерінде дүниеге келгені айтылады. Әкесі Рысқұл тарапына әділетсіздіктер орын алып, ол болыс Саймасай Үшкемпіровты өлтірумен аяқталады. Осылайша, болысты өлтіргені үшін Тұрардың әкесі түрмеге жабылып, кейін әкесі «болыс ұрпақтары кек алуы мүмкін», — деп арыздана жүріп, Тұрарды да өзінің жанына алдыртып алады. Сөйтіп түрме басшысының үйінде жұмыс істеп жүріп, ол орыс тілін үйренеді. Әкесін Сахалинге жер аудартып, 10 жыл бас бостандығынан айырған соң, Тұрар нағашыларына барып, Қырғызбаев деген текпен Меркідегі орыс тілді бастауыш мектебінде білім ала бастайды. Одан кейін Тұрар Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша білім алады (1910-1914). Сосын Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны да оқып бітіреді.

Оқылып жатыр

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)

«Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

Соңғы жазбалар

Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

24 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты

24 Қыркүйек, 2025

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

23 Қыркүйек, 2025

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)

23 Қыркүйек, 2025

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды

23 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр

23 Қыркүйек, 2025

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

23 Қыркүйек, 2025

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.