Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтііп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтііп жатыр
  • Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр
  • Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды
  • Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
  • «Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты
  • Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан
  • «1 миллион теңге»: Алыпсатарлар «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін желіде саудалап жатыр
  • «Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

7705 қылмыс: Алматыда абьюзерлерден таяқ жеген 150 әйел дағдарыс орталығына қашқан

25 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Алматыда абьюзерлерден қорлық көретін әйелдер саны азаяр емес. Биылғы жылдың 10 айы бойынша әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі топ отбасынан қашқан нәзік жандылар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.

«Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зульфия Байсакова әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте кешенді тәсілдің маңыздылығына тоқталды.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу — бұл құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен бірге қоғамның жалпы жауапкершілігі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру, отбасының рөлін күшейту және қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдерді қолдау қажет. Дағдарыс орталықтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп біз зардап шеккендердің алдын алуға және оларға көмек көрсетуге бағытталған белсенді жұмысты жалғастырамыз», — деді ол.

Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 10 айында Алматыда әйелдерге қатысты 7705 қылмыс тіркелген.

Алмалы ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айгерим Куласбекованың сөзінше, қатыгез еркектермен күрес жүріп жатыр.

«Биыл біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейттік. Профилактикалық есепке 6800-ден астам адам қойылды, 6200-ден астам қорғаныс ұйғарымдары шығарылды. Айта кету керек, бұл шаралар тек құқық бұзушылықтардың жолын кесуді ғана емес, сонымен бірге зардап шеккендерге көмек көрсетуді, сондай-ақ агрессорлармен жұмыс істеуді де қамтиды. «Серіктестік-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы» пилоттық жобасы аясында 105 абьюзер психокоррекциялық бағдарламаларға жіберілді», — деді А. Куласбекова.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы қаланың оқу орындары мен ұйымдарында 160 дәріс, тренингтер мен кездесулер өткізілді, оларға 1000-нан астам тұрғын қатысты. Қалалық билбордтарда отбасылық зорлық-зомбылықпен күресуге, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды сақтауға шақыратын әлеуметтік роликтер мен ұрандар бар.

Сонымен қатар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 776 әйелге консультациялық көмек көрсетті. Дағдарыс орталықтарына 150 әйел жіберілді, олардың 45-і балаларымен бірге «Жан-Сая» дағдарыс орталығын паналады, 9 әйел «Аналар үйі» баспанасынан қолдау тапты.

«Профилактиканың барлық субъектілерінің — полициядан азаматтық қоғамға дейінгі үйлесімді жұмысы ғана қылмыстар санын азайтуға және әйелдер үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз — құрмет пен түсіністікке негізделген сау отбасылар», — деді Зульфия Байсакова.

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыс азаматтық қоғамды белсенді тартуға және ODARA тәуекелін бағалау әдістемесін қоса алғанда, халықаралық тәжірибені енгізуге баса назар аудара отырып жалғаспақ.

Фото: dzen.ru

Оқылып жатыр

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

«Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды

Жындыханада жатыр: Маңғыстаудағы сарбазға қатысты тың дерек шықты

Соңғы жазбалар

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтііп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

24 Қыркүйек, 2025

«1 миллион теңге»: Алыпсатарлар «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін желіде саудалап жатыр

24 Қыркүйек, 2025

«Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды

24 Қыркүйек, 2025

Жындыханада жатыр: Маңғыстаудағы сарбазға қатысты тың дерек шықты

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше құрмет»: Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады

24 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.