Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Адам папилломавирусы (АПВ) туралы не білуіңіз керек?

Адам папилломавирусы (АПВ) туралы не білуіңіз керек?

8 декабря, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әйелдердегі АПВ (адам папилломавирусы) – бұл шырышты қабаттар мен теріні зақымдайтын кең таралған инфекция. Ол ұзақ уақыт бойы жасырын түрде ағзада «өмір сүруімен» қауіпті. Патологияның белгілері иммунитеттің төмендеуімен ғана байқалады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Қатерлі ісік қаупі жоғары адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады. 97% — да жатыр мойны обыры осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус белгілі бір жағдайларда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.

«Жатыр мойны обыры дамыған елдердегі әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып табылады. Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті. Жетісу облысында бүгінде жатыр мойны обырымен 557 әйел есепте тұр»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы А.Чарапиев.

Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдер арасында обырдың түрлерінің таралуы бойынша сүт безі обырынан кейінгі екінші  орында және фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімі себебінің жилігі бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.

Бүгінгі таңда папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі-вакцинация. Сондықтан адам папиллома вирусына қарсы вакцина алу өте маңызды. Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы ерікті вакцинациялау жүргізілуде.
Бүгінгі күнге Жетісу облысында облыста 3551 қыз балаға иммундау жүргізілді. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Сонымен қатар 12-13 жастағы қыз балаларға толықтыра вакцинациялау жүргізілуде.

Жүргізілген зерттеулер вакцинаның қорғанышы ұзақ мерзімді екенін көрсетті. Зерттеулер нәтижесінде вакцинаны енгізгеннен кейін 10 жыл ішінде вакциналардың иммуногенділігі төмендемегені дәлелденді.

АПВ-ға қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ, иммунитетті белсендіретін және ешқандай ауру тудырмайтын вирустың жеке ақуыздары қолданылады.

Вакцинация үшін қолданылатын АПВ-ға қарсы төрт валентті «Гардасил» вакцинасын ДДҰ ұсынған және сертификаттаған, ол қауіпсіз және тиімді, сараптаманың барлық сатыларынан және Қазақстанда тіркеуден өткен. АПВ-ға қарсы вакцина аурудың себебі АПВ болып табылатын жатыр мойны обырынан және басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.

 

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.