Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • «Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан
  • Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады
  • Каспий теңізінде жер сілкінді
  • «Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)
  • Берік Уәли Ресейдегі қазақ дәстүрін ұлықтаған отандастарға сүйсінді
  • Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Вакцинация алу — індетпен күресудің ең тиімді жолы

Вакцинация алу — індетпен күресудің ең тиімді жолы

17 декабря, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Инфекциялардың арнайы алдын алу – жасанды иммунитетті құру арқылы ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруға бағытталған шара, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Вакцинация балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды.

Иммундау жұмыстары жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Жоспарлы түрде балаларға Ұлттық күнтізбеге сәйкес келесі жұқпаларға қарсы екпе жүргізіледі:

 

  • туберкулез (БЦЖ),
  • ВГ «В»,
  • b типті гемофильді жұқпа,
  • полиомиелит,
  • көкжөтел,
  • дифтерия,
  • сіреспе (АКДС),
  • пневмококк,
  • қызамық,
  • қызылша,
  • эпидпаротит

Сондай-ақ, Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі.

Ересектерге әрбір 10 жыл сайын сіреспе, дифтерияға қарсы (АДС-м) екпе жүргізіледі.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша егу:

  • ВГ «А»,
  • сібір жарасы,
  • туляремия,
  • кене энцефалиті,
  • тұмау,
  • короновирус
  • құтырма,
  • оба,
  • іш сүзегі.

Иммундаудың маңыздылығы туралы айтып өтсек…

Жоспарлы екпенің нәтижесінде 2000 жылдармен салыстырғанда, сырқаттанушылық он мыңдаған жағдайдан спорадикалық, яғни бірнеше жағдайға дейін төмендеді.

Өкінішке орай қол жеткізілген табыстарға байланысты адамдар инфекциялардың қалай ауыр өтетінін ұмыта бастады. Салдарынан профилактикалық екпелерден бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен. Биылғы жылдың өзінде 1066 ата-ана балаларын иммундаудан бас тартты. Кейбір ата-аналар қаласа да балаларын медициналық қарсы көрсетілімдері болуы себебінен жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялай алмайды.

«Егер халықтың 95% егілсе, онда бұл балалардың ауру қаупі төмен болады, өйткені оларды иммунитеті дамыған вакцинацияланған адамдар қоршайды, яғни ұжымдық иммунитет қорғайды. Егер вакцинацияланбағандардың саны рұқсат етілген деңгейден асып кетсе, бұл ортада инфекция пайда болған кезде инфекцияның өршуі мүмкін. Дәл осылай 2023-2024жж. қызылша мен 2024ж. көкжөтелдің өршуі тіркелді.

2005, 2015, 2019, 2023-2024 жылдары қызылшаның бұрқ ету жағдайлары қосымша иммундаудың нәтижесінде тоқтатылды», — деп атап өтті Жетісу облысы басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Бүгінгі күні қызылша жұқпасының эпидахуалы тұрақты, соңғы 4 айда тек 1 жағдай тіркелді, көкжөтел ауруы қыркүйек айынан бастап төмендеуде, қараша айында – 5ж. тіркелді.

Айта кетерлігі, қызылшамен сырқаттанғандардың 80%, көкжөтелмен ауырғандардың 87% екпе алмағандар.

Бұдан басқа Жетісу облысында:

  • 2003ж. дифтерияның (күл) — 1 ж.,
  • 2014ж. қызамықтың — 2 ж.,
  • 2019ж. эпидемиялық паротиттің — 2 ж. орын алды.
  • 2017ж. сіреспенің — 3 ж. тіркеліп, 1 өліммен аяқталды.

Бұл жұқпалардың барлығы вакцинаны дер кезінде алмау себебінен орын алған.

Вакцинациядан бас тарту инфекциялардың ауыр ағымын, асқынулардың дамуын және тіпті өлім қауіпін тудырады.

Өлім-жітім:

  • дифтерия (күл) – 5-10%;
  • сіреспе – 50%, оның ішінде жаңа туылған балаларда — 90%;
  • кене энцефалиті -20-30%;

Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешімдер қабылдау қажет.

Әр адам өзінің, баласының, қоғамның денсаулығына немқұрайлы қарамай, қажетті профилактикалық екпелерді уақытылы алғаны дұрыс!

Вакциналар жөнінде толығырақ білгілеріңіз келсе egu.kz сайтынан сенімді ақпаратты алуға болады, сұрақтар туындаған жағдайда 7701 телефонына хабарласуға болады.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

15 Қыркүйек, 2025

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

15 Қыркүйек, 2025

Берік Уәли Ресейдегі қазақ дәстүрін ұлықтаған отандастарға сүйсінді

15 Қыркүйек, 2025

Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» «Астананы» басып озып, КПЛ көшін бастады

15 Қыркүйек, 2025

Ұлытау облысында полицейлер 5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.