Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп

5 Қараша, 2025

Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі

5 Қараша, 2025

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

5 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп
  • Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі
  • Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады
  • Алмалы ауданында тозған желілер жаңартылып, көше жарығы заманауи форматқа өтті
  • Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы
  • Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр
  • Білімге апарар қауіпсіз жол
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Актау маңындағы әуе апаты: Путин Әзербайжан Президентінен кешірім сұрады

Актау маңындағы әуе апаты: Путин Әзербайжан Президентінен кешірім сұрады

28 Желтоқсан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ресей Президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей әуе кеңістігінде орын алған, салдарынан Azerbaijan Airlines ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына алып келген оқиға үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

                Әлиевтің Путинге не деп айтқаны туралы Әзербайжан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады

«Владимир Путин Ресей әуе кеңістігінде осындай қайғылы оқиғаның болғанына байланысты кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына тағы да терең көңіл айтты әрі зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі. Әңгіме барысында белгіленген кесте бойынша ұшып келе жатқан Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекет жасағаны айтылды. Сол кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасап жатқан болатын, ал Ресейдің әуе қорғанысы күштері осы шабуылдарды тоқтатуға тырысқан», – делінген хабарламада.

Ресей Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің 263-бабы (әуе көлігінің қозғалысы және пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Алғашқы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынады.

Қазіргі уақытта Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда тергеу ісіне қатысып, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы және Тергеу комитетінің өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтау маңындағы апат орнында бірлесіп іс-әрекет атқаруда.

                                   Баку – Грозный ұшағы неден құлады

25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines компаниясының Baku (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша AHY8243 рейсімен ұшқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ Бакуден Астана уақыты бойынша 08:49-да, жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшқан. Кейін экипаж «төтенше жағдай» (squawk 7700) сигналын берген. Ұшқыштар шұғыл қонуға өтінім жасады, Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайындалды, алайда 11:30 шамасында ұшақ әуежайдан 3 шақырым жерде құлаған. Тараған ақпарат бойынша, ұшаққа Грозный аспанында оқ тиген.


Ұшақ бортында қанша адам болған?

Қазақстан ТЖМ ақпаратына сүйенсек, бортта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзірбайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы.

Аман қалғандардың қатарында Әзірбайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Қазақстандықтар арасында аман қалғандар жоқ.


Қаза болған қазақстандықтардың тізімі:

  1. Тулесинов Сандибек Екибаевич, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  2. Джумагулов Бауыржан Джумабаевич, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  3. Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған.
  4. Шаймерденова Гаухар Жумагатовна, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.
  5. Жумагат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы), 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласында тұрған.
  6. Джутаева Салима Аманжоловна, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

Оқылып жатыр

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Соңғы жазбалар

Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп

5 Қараша, 2025

Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі

5 Қараша, 2025

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

5 Қараша, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында тозған желілер жаңартылып, көше жарығы заманауи форматқа өтті

5 Қараша, 2025

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты

5 Қараша, 2025

Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды

5 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.