Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақылауға алынады

Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақылауға алынады

10 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда енді той мен садақа, тіпті қайырымдылыққа мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақылауға алынады. Есепшот иесіне 1 айда 100 түрлі адамнан ақша түссе, ол «салықтан жалтарған кәсібі бар» деген күдікке ілінбек. Ондай жағдайда хабарлама жолданып, азамат 30 күн оған 100 адам неге қаражат аударғанын түсіндіру керек, деп хабарлайды Todayinfo Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеруді көздейтін мемлекеттік кірістер комитетінің қаулысы 3 жыл бұрын күшіне енді. Бірақ биылдан бастап операциялардың саны ғана емес, мөлшері де есепке алынады. Бір азаматқа бір ай ішінде 100 түрлі адамнан жалпы 255 мың теңге түссе, жеке тұлғаны салық органдары тексере бастайды.

«Қаңтарда 100 түрлі адамнан 100 аударым емес, ақпанда 100 түрлі адамнан, наурызда 100 түрлі адамнан, яғни 3 ай қатарынан мобильді аударыммен ақша түссе, сол кезде ғана назарға ілінеді. Екінші деңгейлі банк мәлімет береді. Әрі қарай камералдық бақылау жүргізіледі. Олардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден асса ғана назарға ілінеді», – деді мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

Дегенмен әзірге шекті сома бекітілмеген. Бірақ 100 теңгенің өзі 1 аударым ретінде саналатынын ескерген жөн. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің мәлімдеуінше, жалпы бұл бақылау салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

«Жеке басқа қатысты аударымдар тексерілмейді. Тек жеке тұлға ретінде ашқан есепшотын бизнеске қолданған кәсіпкерлерді бақылауға алуды көздеп отырмыз. Бүгінде олар салықтан айналып өту үшін тиісті шотына ақша түсірмейді. Мәселен 2024 жылы кәсіпкердің 76%-ы табысын 5 миллион деп көрсеткен», – деді мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басшысы Дина Құсайынова.

Көпшілік мобильді аударымдарды бақылауға алып, шектен асқандарға тексеріс жасағанды құптамайды.

«Маған 1 айда 200-300 аударым түседі. Бірақ кәсіпкер емеспіз ғой. Оны тағы бір 10 жылдан кейін қолға алса болады», «Кедергі келтіреді. 100 аударымнан көп жасаймыз 100 адам 100 теңгеден аударуы мүмкін. Енді ол кәсіпкерлікке жатпайды ғой», «Әуелі жеке кәсіп ашқан азаматтардың аударымдарын тексергені дұрыс болады. Аударымдарын бақыласын. Көп адамда жеке кәсіп жоқ. Қарапайым адамдарға, студенттерге бұл ауыр түседі», – деді халық.

Көптің ойынша, салықшылардың қолға алған шарасы аударым санын едәуір азайтады. Негізі бұл пікір шындыққа жанасады. Былтыр желтоқсанда Қазақстандағы ақша аударымдар саны кейінгі 3 жылдағы ең төмен көрсеткішке түскен.

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.