Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады

Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады

10 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің 11 колледжінде 13 жаңа мамандық ашылса, биыл тағы 14 мамандық ашылады, — деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу облысында техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту, сапасын арттыру, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру бағытында жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Сондай-ақ, «Жаңа мамандықтардың өңірлік атласы» әзірленді. Облыс экономикасында басымдық берілетін 5 салаға талдау жүргізіліп, жаңадан пайда болған, өзгерген, жойылып бара жатқан және аса тапшы кәсіптер анықталды. Экономика салаларының басым бағыттарына білікті мамандарды даярлау үшін 2024-2025 оқу жылында облыста 240 білім беру бағдарламасы әзірленді. Биылғы оқу жылында өңірдің 11 колледжінде сұранысқа ие 14 жаңа мамандық ашылды. Гидротехникалық мелиорация, Автоматтандырылған өндіріс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, мехатроник, хаус-шебер, техник-жобалаушы (сәулет), орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру т.б. кәсіп иелері. Өткен жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 475 млн. теңгеден астам қаржы бөлінгенін, ал биыл тағы 488 млн. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.

Жаңа мамандықтарды ашып отырған оқу орындарының бірі – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі.

«Біздің колледжде 1 мың жарымнан астам студент 11 мамандық бойынша білім алуда. Бүгінге дейін біз ашқан жаңа мамандықтардың ішінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы», «BIM техниктер» бар. Бұлар «Өңірлік жаңа мамандықтар атласына» енгізілген. Ал биыл мехатроника мамандығын ашып, электорника, робототехника, 3D басып шығаруды оқытамыз. Осыған байланысты екі ІТ компаниямен келісімдеріміз бар», — деді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожаев.

Бұдан бөлек, облыстық білім басқармасының деректері бойынша, өңірдің кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 15 колледжде 80 кәсіпорынның өтінімдеріне сәйкес 25 мамандық бойынша 809 адамды нысаналы даярлау жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындар келісімшарт негізінде оқуды бітіргеннен кейін студенттерді міндетті түрде жұмысқа алады. Осы ретте өңірде 15 колледж дуальды оқытуды жүзеге асыруда.

Жетісу облысында жалпы саны 27 колледж жұмыс істейді, соның 21-і мемлекеттік, 6-ы жекеменшік. Оларда осы оқу жылында 13 901 адам білім алса, оның 10 155-і мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, яғни тегін оқытылуда. Мемлекеттік тапсырыстың көп бөлігі техникалық мамандықтарға, яғни IT, құрылыс, инженерия, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығына бағытталған. Жалпы оқу орындары ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, құрылыс, машина жасау, сондай-ақ техникалық, педагогикалық, заң, экономикалық, медициналық бағыттар бойынша 70 мамандық және 113 біліктілік бойынша кадрлар даярлайды.

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.