Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті

Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті

15 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың қаңтарында Алматы еліміздің оқушылары қала музейлеріне тегін кіруге мүмкіндік алған Қазақстандағы алғашқы қала атанды. Қала әкімінің шешімімен қолға алынған бұл бастама мәдени тәрбие мен білім беру үдерісін дамытудағы маңызды қадам еді. Бір жыл ішінде Алматы музейлеріне 85 019 оқушы келді, деп хабарлайды Todayinfo. 

Музейлерге тегін кіру мектеп білімін қолдауда маңызды құралға айналды. Бұл мүмкіндікті ата-аналар ғана емес, мұғалімдер де тиімді пайдаланып, оқушыларды экскурсияларға апарып жүр. Балалар тарихи жәдігерлерді, экспонаттар мен өнер туындыларын гидтердің жетекшілігімен зерттеуде. Тарих, әдебиет және басқа пән мұғалімдері көріп-білгенін сабақ тақырыптарымен байланыстырып, оқушылардың білімін тереңдетіп, оқу барысын қызықты етуге барынша ұмтылуда.

Қала музейлерінде ұсынылған тарихи маңызды жәдігерлер ерекше қызығушылық тудырады. Мысалы, Алматы тарихы музейіне бару арқылы оқушылар мыңжылдық тарихы бар шаһардың дамуына қатысты негізгі оқиғаларды терең түсінеді, ал Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қазақ әдебиеті мен тіл реформасын зерделеуде құнды ресурсқа айналған. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі оқушылардың музыкалық мәдениетті зерттеуге жол ашады.

«Оқушылар музейлерге барып қана қоймай, артефактілер арқылы мәдениет пен өнерді терең түсінуге үйренеді. Бұл оларға сабақта алған білімін бекітіп әрі сыни ойлау дағдысын дамытуға септігін тигізеді. Экскурсиялар қазақ халқының тарихы мен дәстүрін құрметтеуге ықпал етеді. Бұл бастама балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді, ой-өрісін кеңейтеді және мәдениет, өнер, тарихты одан әрі зерттеуге деген қызығушылығын оятады», — деп хабарлайды Мәдениет басқармасы.

Игі бастаманы жүзеге асыруда музей қызметкерлерінің еңбегі ерекше рөл атқарады. Экскурсиямен қоса, олар мектеп оқушыларына қыш ыдыс жасау, тиын соғу, зергерлік бұйымдар жасау және басқа да дәстүрлі қолөнер бойынша интерактивті шеберлік дәрістер ұйымдастырды. Бұл балаларға өзін шебер ретінде сезінумен қатар, сынап көруге мүмкіндік берді.

Жалпы, мектеп жасындағы балалар Алматыдағы мына музейлерге тегін кіре алады:

1) Алматы тарихы музейі (Қабанбай батыр көшесі, 132);

2) Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі (Зенков көшесі, 24/А);

3) Д. А. Қонаев музейі (Төлебаев көшесі, 117);

4) Әдеби-мемориалдық музей кешендері: С. Мұқановтың музей-үйі (Төлебаев көшесі, 125 — 4-ші пәтер), Ғ. Мүсіреповтың музей-үйі (Төлебаев 130, 25-ші пәтер);

5) Н. Тілендиев мемориалдық музейі (Қонаев көшесі, 96);

6) А. Байтұрсынұлы музей-үйі (Байтұрсынұлы көшесі, 60);

7) Райымбек батыр музей кешені (Райымбек батыр даңғылы, 96а);

8) Дәстүрлі мультимедиялық музыка орталығы (Нұркент шағын ауданы, 5/11)

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.