Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали 2024 жылды қорытындылап есеп берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
2022 жылдан бері 1 трлн 120 млрд теңгеге жуық мүлік активтері мен қаражат мемлекетке қайтарылды, оның ішінде өткен жылы 486,5 млрд теңге қайтарылған.
«2024 жылы аяқталған істер бойынша 371,2 млрд теңге өтеліп, 28,9 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Қаражат әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға бағытталды. Осы қаражат есебінен 56 мектеп салынды», — деді Асхат Жұмағали.
Алқа отырысында пікір алмасу өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.