Экология министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысы кезінде айыппұл алған әкімнің орынбасарлары жайлы айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Еран Нысанбаев «Қазақстан ғарыш сапары» спутниктік суреттері стихиялық полигондарды анықтауға көмектесетінін айтты.
Экология департаменттері шығып, әрбір жағдайды тіркейді, содан кейін әкімдік таратуға ұйғарым береді, шаралар қабылданбаған жағдайда лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 миллион теңгеге, оның ішінде аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді министр.
Соңғы жылдары анықталған полигондардың саны айтарлықтай азайды, ал жою пайызы өскен. Мәселен, егер 2018 жылы 8,7 мың полигон анықталса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың полигон анықталды, оның 91 пайызы жойылды.