Жас жігіттің өзін атып тастағаны жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Атыс клубында тұрақты клиенттердің бірі болған жігіт tanfoglio limited custom маркалы тапаншамен жаттығып жүрген.
Ол бірнеше рет нысанаға оқ жаудырып, кейін кенеттен қаруын басына бағыттап, өзін-өзі атып тастаған.
Полиция деректі растады.
«Елорданың 19 жастағы тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады департаментте.