Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады
  • Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады
  • «Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды
  • «Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады
  • Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі
  • Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!
  • «Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті
  • Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 18 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасова жайлы қауесеттерге нүкте қойылды (ВИДЕО)

6 февраля, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сәкен Майғазиев «1001» бағдарламасында гастрольдік жоспарлары мен Мадина Сәдуақасовамен арақатынас жайлы қауесеттерге қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Гастрольдік сапар мен шығармашылық жоспарлар

Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «1001» бағдарламасының қонағы болған Сәкен Майғазиев гастрольдік сапардағы жоспарлары туралы толық айтып өтті. Әнші бұл сапарында тыңдармандарына бірнеше тосынсый дайындап жатқанын, сондай-ақ әріптестерімен бірге дуэт орындайтынын жеткізді. Әсіресе, Ақтау мен Ақтөбе қалаларында өтетін концерттерде Мадина Сәдуақасова да сахнаға шығып, ән шырқайтынын хабарлады.

Әлеуметтік желідегі қауесеттер мен әншінің пікірі

Бағдарлама жүргізушісі Сәкен Майғазиевтен әлеуметтік желіде Мадина Сәдуақасова екеуі туралы айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелерге қатысты пікір білдіруін сұрады.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бұл секілді қауесеттерге олар әбден үйренген. Алайда кейбір адамдардың бұл тақырыпқа қызығушылығы шектен тыс болғаны сонша, белгісіз біреулер әншінің жұбайына да қоңырау шалып, осы өсекке қатысты пікір білдіруге мәжбүр еткен.

 «Бізде бұл әңгімелерге иммунитет бар»

Сәкен Майғазиев бұл жағдайға қатысты былай дейді:

«Мадина екеумізде бұндай әңгімелерге иммунитет қалыптасқан. Әрине, «қырықтың қырқасына шығып, елуді еңсергенде оғаш қылық шығарды ма?» деген ой болуы мүмкін. Бірақ біз ешқашан әдеп бұзып, оғаш әрекет жасаған емеспіз.

Мен «мырза» ретінде әйел адамды көліктен шыққанда, баспалдақтан түскенде қолдау көрсетуге әдеттенгенмін. Бұл тек әдептіліктің белгісі ғана. Осы көрініс көзге түсіп, өсекке айналған болуы мүмкін. Өкінішке орай, біздің оғаш қылық көрсетпегеніміз туралы айтатындар аз. Керісінше, өсекке ерушілер көп.

Әйеліме біреу қоңырау шалып, «Сәкен мен Мадина бірге жүрсе, оны білдірмей-ақ қойсын» деген кеңес айтқан. Бірақ жұбайым Динара Мадинаны да, оның отбасы мен балаларының да жақсы білетінін айтып, бұл өсекті бірден жоққа шығарды. Әзілімен әңгіменің нүктесін қойып, «жүрсе, білдірмейтін еді» деп жауап берді», – деді әнші.

Жеке өмірге қол сұғу дұрыс емес

Сәкен Майғазиев бұл секілді қауесеттердің көпшілігі жеке өмірге орынсыз араласу екенін айтып, жұртшылықты мұндай әңгімелерге назар аудармауға шақырды.

 

 

гастрольдік сапар Мадина Сәдуақасова Сәкен Майғазиев әлеуметтік желі қауесеттері әншілердің достығы

Оқылып жатыр

«Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

«Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді

Соңғы жазбалар

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025

«Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

17 Қазан, 2025

Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!

17 Қазан, 2025

«Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті

17 Қазан, 2025

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

17 Қазан, 2025

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.