Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Грузияның билігі митинг туралы заңды қатайтты. Елде екі ай бойы наразылық өтіп жатыр

8 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: interpressnews.ge

Грузия заңына наразыларды жазалауды күшейтетін түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Түзетулерді 6 ақпан күні билік басындағы «Грузин арманы» партиясының депутаттары қабылдаған. Келесі күні оған Грузия президенті Михаил Кавелашвили қол қойды.

Жергілікті баспасөз құралы Paper Kartuli заңға қандай түзету енгізілгенін тізіп шықты. Заңға билікті қорлау әкімшілік бабы енген. Бұл бапты бұзғандар 45 тәулікке дейін қамалады немесе төрт мың лариге (1400 доллар) дейін айыппұл төлейді.

Қылмыстық заң бойынша, полицей мен шенеунікке қоқан-лоқы көрсету, оларға күш қолдану үшін жазалау мерзімі ұзартылды. Енді зорлық-зомбылыққа шақырғандар түрмеге қамалуы мүмкін.

Түзетулердің едәуір бөлігі митинг туралы баптарға енген. Енді митингшілер көпірді, теміржолды, күрежолдарды, туннельдерді және жергілікті билік айқындаған көлік тораптарын бөгегені үшін жазаға тартылады. Сондай-ақ полицейлер доғаруды талап еткен акцияға қатысу да заңға қайшы әрекет болмақ.

Сонымен қатар полиция қызметкерінің бұйрығына бағынбау, оны қорлау, митинг ережесін ұстанбау, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды бөгеу, шеру кезінде маска тағу және лазер қолдану, ұсақ бұзақылық және вандализм үшін айыппұл көлемі мен қамау мерзімі ұлғайды.

Грузияда 28 қарашадн бері күн сайын наразылық өтіп келеді. Бұл наразылыққа Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Грузияны Еурооддаққа кіргізу жөніндегі келіссөзді 2028 жылға дейін тоқтатынын мәлімдегені түрткі болды.

Грузияның Еуроодақ пен НАТО-ға интеграциялануы елдің конституциясында жазылған. Оппозиция билік партиясын Грузияны Батыс бағытындағы жолынан кері бұрып, Ресей ықпалына итермелеп жатыр деп айыптайды.

Наразылар жаңа парламент сайлауын өткізуді, Грузияны Еуроодаққа кіргізу жөніндегі келіссөзді қалпына келтіруді және митинг кезінде ұсталғандарды босатуды талап етеді. Наразылықтың алғашқы күндері билік шерушілерді басып-жаншыды, жүздеген адам ұсталды.

Грузия митинг Михаил Кавелашвили

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.