Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

CIT: 2024 жылы Украина мен Ресейде шабуылдардан 2600 бейбіт адам қаза тапқан

9 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Полтава, Украина, 1 ақпан, 2025 жыл.

2024 жылы Украина мен Ресей аумағында, ең алдымен азаматтық инфрақұрылымға қарсы шабуылдардан, кемінде 2600 бейбіт тұрғын қаза тауып, 14 мыңнан астам адам жараланған. Conflict Intelligence team (CIT) зерттеу тобы дайындаған «024 жылы атыстан қаза тапқан бейбіт тұрғындар» атты есепте осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Топ еріктілері жинақтаған азаматтық инфрақұрылымды атқылау мәліметтеріне сүйенген есепте «күнделікті екі тараптың да таңдап жатпастан күш қолдануы салдарынан өлген және жараланған бейбіт тұрғындар туралы» ақпарат жазылады. Онда зымыран мен бомба шабуылынан, реактивті қарулар мен зеңбіректерден атқылаудың, оған қоса дрондар шабуылынан құрбан болғандар және минаға түсіп жарылғандар жайлы мәліметтер қамтылған.

CIT ақпарат жинаған кезде ең алдымен ресми адамдардың мәлімдемелеріне және расталған ашық деректерге назар аударатынын атап көрсеткен. Сонымен бірге, әскери нысандарды нысанаға алғаны айқын шабуылдарды (тіпті олардың салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан болса да) есепке қоспаған.

Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жартысынан көбі – 1915 адам, оның ішінде 81 бала – Украина билігінің бақылауындағы ел аумағында атыс салдарынан мерт болған. Ресейдің бақылауындағы Украина аумағында 452 адам қаза болған, арасында 20 бала бар.

Еріктілердің дерегінше, Ресей аумағында болған атыстардан 233 адам қаза тапқан, оның ішінде 14 бала бар. 2024 жылы Ресейде 1600-ден астам адам, ал Украина аумағында – 12500-ден астам (оның ішінде 2300-ден астамы Ресей басып алған аумақтарда) адам жараланған.

Еріктілер ақпаратты 2023 жылдың аяғында ғана жинай бастағандықтан, бұл мәліметтерді бұрынғы деректермен салыстыру мүмкін болмай отыр. БҰҰ дерегі бойынша, Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық бастаған 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жиынтығы 12 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан, әйткенмен бұл әлі толық дерек емес.

CIT-тің хабарлауынша, ең көп адам 8 шілде күні таңертең Киевке жасалған жаппай зымыран шабуылы (арасында «Охматдет» балалар ауруханасы да бар) салдарынан қаза тапқан. Ол жолы 34 адам қаза тауып, 121 адам жараланды.

Ресей Украина қаза тапқандар қақтығыс

Оқылып жатыр

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Соңғы жазбалар

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.