Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды
  • Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы
  • БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді
  • Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді
  • Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ерке бала дерсің»: депутат Қожаназаров Үкіметтен 40 млрд доллар көмек алған тойымсыз банктерді сынады

11 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Respublica партиясының төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елдегі банк жүйесін тойымсыздыққа теңеді. Ол банктер аса жоғары үстемемен пайда тауып отыр деп санайды. Депутат Қазақстандағы банк жүйесінің мемлекеттік қолдауға қарамастан, халықтың мүддесіне қызмет етпей отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo.

«(Банктер) Ерке бала демесек, оларды кім дейміз? 2009 жылдан бері банктерге 6,6 трлн теңге қаржылай көмек берілді. Қай сала осындай көлемде көмек алды? 2009 жылы доллардың бағамы 150-180 теңге аралығында болды. Бұл шамамен 40 млрд доллар деген сөз. 40 млрд долларды үкімет банктерге бөлді. Ерке бала болмай, кім олар?» — деді Қожаназаров.

Сонымен қатар партия төрағасы, жыл сайын банктер 2 трлн теңгеге дейін салықтық жеңілдіктер алып отырғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Құдай қаласа, бұл жеңілдіктерге тосқауыл қоймақпыз», — деді депутат.

Банктердің 1,9 трлн теңге көлемінде дивиденд таратқанын атап өткен Қожаназаров, бұл көрсеткіштің үкіметтен алған жеңілдіктермен тең екеніне назар аударды.

«Егер осы жеңілдіктерді алып тастасақ, банктердің тиімсіз жұмыс істеп жатқанын түсіну үшін математик немесе қаржы маманы болудың қажеті жоқ», — деді ол.

Сондай-ақ, Қожаназаров банктердің қазіргі пайыздық мөлшерлемелерін де сынап, олардың табысы мен тиімділігін қайта қарау қажеттігін айтты.

«Егер банктер 1,9 трлн теңге көлемінде дивиденд алмаса, 100-200 млрд теңге ғана табыс тапса, онда олар несие пайыздарын төмендете алмайтынына сенуге болар еді. Бірақ шын мәнінде, олар қыруар табыс тауып отыр. Алайда экономикамызға ешқандай көмек көрсетіп жатқан жоқ», — деп қорытындылады депутат.

Алайда депутат нақты қандай банктердің жоғары пайыздық үстемемен пайда тауып отырғанын атамады.

Оқылып жатыр

Big data Қазақстанның үшінші президентін анықтауы мүмкін бе?

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Соңғы жазбалар

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025

БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді

20 Қазан, 2025

Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді

20 Қазан, 2025

Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр

20 Қазан, 2025

«Жігіттердің аяқ-қолын ұстаған»: Қытайда пранк түсіріп, жұртты шулатқан блогер енді Өзбекстанда көзге түсті

20 Қазан, 2025

Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындыруда

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.