Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • 400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті
  • Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
  • «Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу
  • Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді
  • Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 23 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 23 отбасы үйлі болды

11 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан және көп балалы отбасылардан 23 шаңырақ жаңа қоныс қуанышына кенелді. Кезекте тұрғандарға облыс орталығының жаңа тұрғын үй алабында үш бөлмелі үйлердің кілті табысталды, — деп хабарлайды Todayinfo облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жастар-3» шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың шілде айынан бастап жүргізілген болатын. Сөйтіп кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін 56 жаңа үй салынып, сатып алынды. Бүгін кілттері табысталған 23 үйден басқа 33 үй ақпан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Айта кетерлігі, биылғы жылдың соңына дейін осы тұрғын ауданда жеке құрылыс салушылар есебінен тағы 150-ге жуық үй пайдалануға беріледі деген жоспар бар.
Жаңа үйге ие болғандардың бірі көп балалы ана Индира Иманболова.

«Тұрғын үйге кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрдық. Баспана жалдаудың құны да біз үшін арзанға түспейді, оған қоса жиі көшудің өз машақаты бар. Әсіресе балаларым қиналып кететін. Енді, міне, өз баспанамызға қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ», — дейді алты баланың анасы И. Иманболова.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Меруерт Әбдіқадырова да жаңа баспанаға қол жеткізді. Қоныстой иесінің анасы қуанышын жасырмай:

«Қызым он екі жарым жыл дегенде үй алып отыр. Алты баласы бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Қазір Меруерттің үйлі болғанына жақын жандары, бәріміз қуанып жатырмыз», — дейді Күпан Әбдіқадырова.

Еске салсақ, бұған дейін, яғни осы жылдың басында Талдықорғандағы 49 көп балалы отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы тұрғын үйлердің кілті табысталған болатын.

Жалпы өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3%-ға төмендесе, осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді. 1041 пәтерлік 28 үйдің, 107 коттедждің құрылысы аяқталады және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 300 пәтер сатып алынады. Сөйтіп, 2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Оқылып жатыр

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

Соңғы жазбалар

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

13 Қыркүйек, 2025

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.