Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
  • «Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды
  • «Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан
  • 726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды
  • «Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды
  • Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық
  • Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр
  • Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Дональд Трамп: Украина Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін

Дональд Трамп: Украина Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін

11 февраля, 2025 Саясат
Фото: The White House / Wikimedia Commons (Public Domain)
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АҚШ президенті Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу қарсаңында резонансты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ақпаратқа сүйенсек, Ақ үй өкілдері бұл кездесуді осы аптада өткізуді жоспарлап отыр.

The Telegraph басылымының жазуынша, Трамп Украина билігі сирек кездесетін жер металдарын (редкоземельді металдар) АҚШ-қа беру туралы келісімге келіскені туралы мәлімдеген. Олардың жалпы құны 500 миллиард долларға бағаланады. Трамптың айтуынша, дәл осы келіссөздердің нәтижелеріне сай АҚШ-тың Украинаға Ресейдің әскери басқыншылығына қарсы көмек көрсетуді жалғастыру-жалғастырмауы шешілмек.

«Олар келісімге келуі мүмкін, келмеуі де мүмкін. Бір күні Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін, немесе айналмауы да мүмкін», – деді Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.

АҚШ президенті сонымен қатар Ресей-Украина қақтығысы мәселелері бойынша арнайы өкілі генерал Кит Келлоггтің жақын күндері Киевке сапарлайтынын растады. Бұдан бөлек, 14 ақпан күні АҚШ вице-президенті Джеймс Вэнс Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы аясында Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Зеленский Дональд Трамппен жеке кездесуге дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. 10 ақпанда ол Украинаға «нағыз бейбітшілік пен тиімді қауіпсіздік кепілдіктерін» қамтамасыз етуге шақырды.

Украинадағы сирек кездесетін жер металдарының қоры ақшалай баламада 12 триллион долларға дейін жетуі мүмкін. Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін көрсеткен көмегіне өтем ретінде осы қорлардың бір бөлігін алғысы келетінін айтқан.

Ал Кремль Трамптың мәлімдемесіне жауап қайтарды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Украинаның едәуір бөлігі қазірдің өзінде Ресейдің құрамына өтті» деп мәлімдеді. Ол Ресей өзіне қосып алғанын жариялаған төрт украин аймағын (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын) меңзеді. Десе де, бұл облыстарды Ресей әскері толық бақылауына алған жоқ. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық та Ресейдің бұл өңірлерге құқығын мойындаған жоқ. Қазақстан да әлем елдерінің басым көпшілігі сияқты Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді.

Дональд Трамптың Ресей-Украина соғысын тоқтату жоспары қақтығысты қазіргі жағдайда «тоқтатып қоюды» қарастырады, яғни Ресей басып алған жерлерін сол күйінде ұстап қалуы мүмкін. Бұл Украина жерінің шамамен 20 пайызына тең.

Оқылып жатыр

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

Соңғы жазбалар

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025

726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды

4 Қараша, 2025

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

4 Қараша, 2025

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

4 Қараша, 2025

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

4 Қараша, 2025

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.