Әлеуметтік желіде сәбидің аяғын байлап, жылап жатқанын елемеген блогер-әженің әрекеті жұртшылықтың наразылығын туғызды. Бұл жағдайға қатысты видео авторы, блогер Аятхан Күтімова пікір білдірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Қаралым үшін көрейік дедік»
Аятхан Күтімова екі жылдан бері әлеуметтік желіге түрлі контент түсіріп жүргенін айтады. Айтуынша, дауға айналған видео бір жыл бұрын түсірілген.
«Бұл видео немеремнің туған күні кезінде түсірілді. Немерем адамдардан қатты жатырқайды. Сол себепті «бұл кешке дейін жылайды, осы сәтті пайдаланып видео түсіріп жіберейік, қанша қаралым жинайтынын көрейік» деп қалжыңдаған едік. Кейін бұл видео тарап, ел арасында шу шыққан соң, өшіріп тастадық. Біз жолдасым екеуіміз фазендада тұрамыз, ал немерелерім бөлек тұрады,» – деді блогер.
Қоғамдық пікірдің әсері
Блогер бұл оқиға көпшіліктің балалардың құқығы мен оларға деген қамқорлыққа бей-жай қарамайтынын көрсетті деп санайды.
«Мен бұл жағдай қоғамда пікірталас туғызғанына қуанамын. Балалар мен әйелдерге деген қамқорлықтың жоғары екенін байқадым. Сол үшін халыққа алғыс айтамын,» – деді ол.
Аталған видео әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Қоғам белсенділері мен ата-аналар балалардың эмоциялық және физикалық әл-ауқатына құрметпен қарау қажеттігін атап өтті.
Ал бала құқын қорғау жөнііндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл дерек бойынша ішкі істер министрлігіне жазғанын айттты.