Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанда тағы екі жол ақылы болады

18 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес «Қостанай — РФ шекарасы (Троицке) және «Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Аталмыш жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады.

1. «Қостанай — РФ шекарасы (Троицке)» автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы және «Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады.

Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені — кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны — 2 және 1 екі бағытта жолақ.

2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі.

Жүріп өту Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені — кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны — екі бағытта 1 жолақ.

Аркаларда орнатылған жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын тіркейді.

Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.

Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз.

Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 515 теңге, кейінгі төлем — 600 теңге;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 1040 теңге, кейінгі төлем — 1220 теңге;

— 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін: алдын ала төлем — 1545 теңге, кейінгі төлем — 1820 теңге;

— Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 2080 теңге, кейінгі төлем — 2440 теңге;

— Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем — 2580 теңге, кейінгі төлем — 3040 теңге.

Қостанай — РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 1010 теңге, кейінгі төлем — 1190 теңге;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 2055 теңге, кейінгі төлем — 2415 теңге;

— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар: алдын ала төлем — 3065 теңге, кейінгі төлем — 3610 теңге;

— жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 4100 теңге, кейінгі төлем — 4825 теңге;

— Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: алдын ала төлем — 5120 теңге, кейінгі төлем — 6030 теңге.

 

 

 

 

 

ақы жол тариф

Оқылып жатыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.