Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
  • «Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу
  • Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді
  • Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды
  • Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Биыл Талдықорғанның бюджеті 33 пайызға ұлғайды

Биыл Талдықорғанның бюджеті 33 пайызға ұлғайды

20 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Талдықорғанды жуық жылдарда қауіпсіз, жайлы, жасыл қала ретінде дамыту міндеті қойылған. Оны іске асыру үшін 2025-2026 жылдардың нақты жоспарлары жасалып, қала бюджеті 33 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың журналистерге берген сұхбаты барысында айтылды, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы өз сөзінде облыс орталығын дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Бұл ретте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі алдыңғы орында тұр. Осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 585 бейнекамера және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 136 «Сергек» камерасын орнату межеленген.

«Смарт Сити» форматы бойынша қаланың тіршілігін тәулік бойы бақылай алатын ситуациялық орталықты іске қосу жоспарда бар. Оған қоса көшелерді жарықтандыру да қолға алынады. Бүгінгі күні қаладағы 640 көшенің 420-сында ғана, яғни, 65 пайызына жарық орнатылған. Осыған орай жергілікті бюджеттен биыл көшелерді жарықтандыруға 3,5 млрд теңге бөлініп отыр.

Соның арқасында бірқатар саяжайларда және «Хутор», «Шығыс» және басқа да аудандарда көшелер жарықтандырылады.

Сонымен қатар қаланың өмір сүруге жайлы болуына да назар аударылады. Яғни халық баспанамен, жылумен, электрмен, сумен, газбен қамтамасыз етілуі керек. Мәселен, өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасыға баспана берілсе, биыл тұрғын үйге ие болатындардың саны 1500-ге жуықтайды деп жоспарланып отыр.

Шаһардың көркі абаттандыруға тікелей байланысты. Сондықтан аулаларға воркаут алаңдарын салу, көп қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жаңарту, арықтар мен арналарды қалпына келтіру жалғастырылады. Былтыр 28 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көппәтерлі 10 үйдің қасбеті жасалды. Биыл тағы 30 көпқабатты үйдің шатыры мен 32 үйдің қасбеті жөнделеді.

«Қаладағы «Ұлан» ықшам ауданына отыз жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген. Ауданды абаттандыру мәселесін ұзақ талқылап, сараптама жасап барып, шешім қабылдадық. Сол арқылы тәжірибе қалыптасты. Енді кешенді түрде жұмыс істейміз. Былтыр алдымен 25 көп пәтерлі үйдің 5 ауласын жөндедік, қалған аулаларды биыл бітіреміз. Сондай-ақ «Ұлан» ықшам ауданындағы жөндеуді қажет ететін көп қабатты үйлердің шатырын жөндейміз. Содан соң «Жетісу» және «Жұлдыз» ықшам аудандарына ауысып, кешенді тәртіппен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни, алдымен қаланың назардан тыс қалған шеткі аудандарын қамтимыз», — деді Б. Исабаев.

Көгалдандыру жайына келсек, Талдықорғанда өткен жылы 10 мыңдай ағаш отырғызылса, биыл 12 мыңнан астам көшет егу көзделген. Қаланың «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ салу жоспарда бар. Ал «Бірлік» шағын ауданда жаңа сквер пайда болады. Сол сияқты ағаштар мен көгалдарды суару жүйесін реттеу қолға алынған. Бүгінге дейін шамамен 10 шақырымдай арық жүйесіне жөндеу жүргізілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады. Оған қоса Орталық және «Жастар» саябақтарына ағымдағы жөндеу жасалады.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Соңғы жазбалар

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

13 Қыркүйек, 2025

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

13 Қыркүйек, 2025

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.