Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін

12 Қыркүйек, 2025

«Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

12 Қыркүйек, 2025

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін
  • «Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?
  • Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік
  • Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары
  • Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады
  • Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек
  • Курс сату арқылы әйелдердің алаяқтыққа баруына себепкер болған: Дәулет Мұқаев мандатынан айырылуы мүмкін
  • «Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Гантельмен ұрған»: Шымкентте 7 баласы бар әйелді бұрынғы күйеуі азаптап өлтірген

«Гантельмен ұрған»: Шымкентте 7 баласы бар әйелді бұрынғы күйеуі азаптап өлтірген

21 февраля, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Марқұмның отбасынан

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан денесі қанға боялған әйелдің мәйіті табылды. Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді, деп хабарлайды Todayinfo порталы.

5 ақпан күні Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 42 жастағы Шолпан Ақмырзаның мәйіті табылды. Марқұмның артында жеті баласы қалды. Ол қайтыс болардан бір күн бұрын ажырасып кеткен күйеуімен қайта табысқан. Алайда арада 1 күн өткенде терезеден секіріп көз жұмған.

«Мен өзі өлгеніне сенбеймін. Үшінші қабаттан секіргеннің өзінде де ондай жарақаттар болмайды. Інімнің айтып тұрған сөзіне сенемін. Ұрған, сүйреген, терезеден лақтырып жіберген дейді. Одан бұрын бізде күнде ұрыс-керіс болатын. Анам 2020-да заңды түрде ажырасса да, мекенжайымызды біліп, күнде есік қағып тұратын», — дейді марқұмның қызы Перизат Қалдарбек.

Қайғылы оқиғаның куәгерлері – әйелдің 10 жасқа толмаған балалары. Марқұмның туыстары балаларының сөзіне сенеді. Өйткені, ер адам тергеуде әйелінің суицид жасағанын мәлімдеген.

«Төрт жасар баласы айтып отыр. Гантельмен басын ұрып-ұрып құлатқан. Одан кейін қашып бара жатқанда тізесінен тағы гантельмен ұрған. Құлаған адамға ұқсамайды. Әбден білгенін істеп, ұрып-ұрып, денесіне отвертка, пышақ тығып, көгала қойдай қылып тастаған» , — дейді марқұмның әпкесі Ақмарал Ақмырза.

Qaz365.kz. агенттігінің анықтауынша, қара жамылған отбасы істің «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» емес, «адам өлтіру» бабы бойынша тергелуін талап етеді. Ал жергілікті полиция департаменті тергеу құпиялылығын алға тартып, істің қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеген жоқ.

«Азаматшаның өлім жайты бойынша полициямен қылмыстық істі тіркеген. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Күдікті қамауда», — делінген Шымкент қаласы полиция департаменті хабарламасында.

Азапталып қаза тапты деген Шолпан Ақмырза жолдасымен 22 жыл тұрған. Олар 4 жыл бұрын заңды түрде ажырасқан. Бірақ кейін жолдасымен бірнеше рет табысып, тағы екі бала дүниеге келген. Жеті баланың екеуі кәмелет жасына толған. Ал қалғандары әзірге балалар үйінде. Марқұм сауда жасап, балаларын жалдамалы пәтерде жалғыз өзі асырап келген.

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін

12 Қыркүйек, 2025

«Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

12 Қыркүйек, 2025

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

12 Қыркүйек, 2025

Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары

12 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

12 Қыркүйек, 2025

Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек

12 Қыркүйек, 2025

Курс сату арқылы әйелдердің алаяқтыққа баруына себепкер болған: Дәулет Мұқаев мандатынан айырылуы мүмкін

12 Қыркүйек, 2025

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді (ВИДЕО)

12 Қыркүйек, 2025

«ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның батыс өңірлерінің коммуналдық инфрақұрылымына 43 млрд теңгеден астам қаражат инвестицияланады

11 Қыркүйек, 2025

Жантүршігерлік апат: Маңғыстауда Toyota көлігіндегі 10 адам қаза тапты (ВИДЕО)

11 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.