Фото: kapital
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құрылыс компанияларына ҚҚС қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
Бағаның қымбатауы жайлы Жұманғарин «Taldau Talks» подкастында айтты. 2001 жылдан бастап Қазақстанда құрылыс салушылар тұрғын үйді сату кезінде ҚҚС бойынша жеңілдікке ие болып, олар қосымша салықтан толық босатылған. Подкаст барысында қазір қоғамда болып жатқан 16 пайыздық салық жайлы да талқыланды.
Қазір Мәжілісте қаралып жатқан жаңа Салық кодексі жобасында құрылыс компанияларына 12 пайыздық ҚҚС салу ұсынылып отыр.
«Құрылысшылар алаңдап, инфрақұрылымдық төлем ұсынды, яғни тұрғын үй санатына байланысты шаршы метрі 40 доллардан 60 долларға дейінгі баламалы салықты ұсынды. Бірақ, ашығын айтқанда, бізді салық емес, пәтерлерді сату жағдайы көбірек алаңдатады», — деді Премьер-министрдің орынбасары Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, құрылыс салушылар тұрғын үйді қолма-қол ақшасыз төлеммен сатуы керек.
«Әр тұрғын үй кешені жеке ЖШС, дегенмен бас компания бренд ретінде әрекет етеді және барлық пәтерлерді сату жеке кәсіпкерлер арқылы өтеді. Сондықтан бұл мәселені енді Салық кодексі аясында шешетін боламыз. Салатын компания оны B2C ретінде және қолма-қол ақшасыз төлеммен сатуы керек», — деді ол.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Жұманғариннен Қазақстанда салық көтерілгеннен кейін тұрғын үй бағасы қымбаттай ма, деп сұрады. Министр бағаның сөзсіз көтерілетінін қуаттап, бұл мәселенің өзекті екенін әрі депутаттармен талқыланатын айтты.
Әшімбаев Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы 20 ақпанда Мәжілістің қарауына ресми түрде түскенін, оны жан-жақты талқылап, дұрыс шешу қажеттілігін айтты. Подкста құрылыс компанияларының үлесі мен көлеңкелі айналымдары да айтылды.