Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мардымсыз жәрдемақы. Тегін емделуге тосқауыл. Қоғамның қағжауы»: Ақыл-есі кем балалары бар аналардың басындауы ауыр жағдай

24 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фотоллаж: fishki

Астанада лифтіде пышақталған баланың оқиғасынан кейін көптеген ата-ана балаларын көшеге шығарудан қорқып қалған. Астанадағы үйлердің біріндегі лифтіде ақыл-есінде ауытқуы бар 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы бүлдіршіннің бетін пышақпен тіліп тастаған еді. Осы оқиғадан кейін елдің бәрі өре түрегелді. Бірі кішкентай балалардың өміріне қауіп төніп жатыр деп шуласа, ал науқас балалары бар ата-аналар қоғамнан онсызда қағжау көріп жатқандарын ойлап, ауыр ойдың тұңғиығына батқан. Шулы оқиға науқас балалары бар ата-аналарға ауыр соққы болған. Todayinfo тілшісі тағдыр тәлкегіне түскен анамен тілесіп көрді.

Тағдырға мойынсұнған аналар Алматыда көп. Солардың бірі — 48 жастағы 4 баласы бар, жалғызбасты ана Шұғыла Сейсенова.

Мемлекеттің беретін жәрдемақысы 80 мың теңге

Оның 25 жастағы үлкен ұлының ақыл-есі кем, 1-ші топтағы мүгедек. Көп балалы ана жұмыс істемейді, науқас баланы қарусыз қалдыра алмайды.

«Әрине қорқып қалдық. Мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырғаннан кейін терең ойға кетіп қалдық. Әр баланың ауруы әрқалай ғой. Басы ауыратын баланы жақсылап қарау керек. Мәселен, мен өз баламды дүкенге жіберсем, минутын, сағатын санап отырамын. Кешіксе, артынан жүгіріп шығамын. Кейде жалғыз өзі қалаға дейін барып келеді. Туыстарымның үйіне барса, телефон шалып қадағалаймын», — дейді Шұғыла Сейсенова.

Айтуынша, өзіне ауру баланы баққан қамқоршы ретінде мемлекет 80 мың теңге жәрдемақы төлейді. Бірақ бұл ақша дәрі-дәрімек тұрмақ, тұрмыстағы қажеттіліктерге мүлдем жетпейді.

Ауру бала баққан аналарда МӘМС жоқ, емхана тегін қарамайды

«Әлі уайымдаймын. Осы оқиғадан кейін, қорқамын. Менің балам сабырлы, айтқанымды орындайды. Бізде мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-анаға көбірек жәрдемақы төленсе, онсызда ауру баққан әйел баланы, отбасын асыраймын деп жұмыс істеуге жүгірмейтін еді. Үкіметке айтарым — мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына яғни қамқоршыларына жәрдемақысын көбейтсе. Сондай-ақ, сол ата-аналардың өзіне тегін медициналық қызмет көрсетілсе. Мен мәселен, ұлымның қамқоршысы болған соң, ешқайда жұмыс істемеймін. Ешқайда жұмыс істемеген соң, маған МӘМС-те яғни медициналық сақтандыру да төленбейді. Сондықтан мен ауырып қалсам, сақтандыруың жоқ деп қарамайды. Өткенде бір апта ауырып қалып, өзім ем ала алмадым. Ары-бері жүгіріп еш нәтижеге қол жеткізе алмадым. Бәрінің айтатыны медициналық сақтандырудың болмауы», — деді көпбалалы ана.

Айтуынша, таңнан кешке дейін ақыл-есі кем баламды қарап отыру көп күшті қажет етеді. Бір уақыт ауысып қарайтын көмекші де жоқ. Мемлекет көмекші берек түгілі, ауыр тұрмыс жағдайында өмір сүріп жатқан аналарды мардымсыз жәрдемақымы қинап келеді.

«Бойымнан күш-қуатым көп кетеді. Бір баланың мінезі он балаға татиды. Оның памперсы бар. Ауру баланың көңіл күйі де ойнамалы, ауытқымалы, кей күндері ауырып қалады. Мінезіне көңіл бөлмесең, жағдайын жасамасаң, әлпетеп қарамасаң тез тұңғиыққа түсіп кетеді», — дейді қиналған ана.

Шұғыланың сөзінше, мемлекет мүлдем қолдау көрсетпейді. Кем туған балалары бар аналар қоғамда өздерін көзге шыққан сүйелдей сезінеді. Есесіне, тағдырлары ұқсас, мұңдас әйелдер араласып, бірін бірі қолдап, өзара көмектесіп тұрады.

«Негізі баламның жасы 25-те. Ақыл-есі кем болса да тауықтарға жем беріп, еңбектенеді. Үйдегі жұмыстың бәрін істеуге тырысады. Оған үнемі ана махаббатын беріп отыру керек. Уақытында дәрісін беріп, қатты қадағалау қажет. Қалаға, киноға бәріне өзі барады. Көктем кезінде ауырып қалады. Қалған балаларымның денсаулығы жақсы. Ал күйеуіміз екеуіміз екі жақта тұрып жатырмыз. Себебі, ол да қант диабетіне шалдықты. Сосын ол маған жаны ашып, бөлек тұруға шешім қабылдадық. Себебі екі ауыратын адамға бір уақытта мен қарай алмаймын. Күйеуім де оны түсінді. Балаға қара, шаршап қалма деген соң осылай екі бөлек өмір кешіп жатырмыз» — деді Шұғыла Сейсенова.

Автор: Гүлвира Биғалиева

Алматы ананың зары Астана Жәрдемақы лифт мүгедек МӘМС қылмыс

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.