Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Испанша күлесің бе, үндіше күлесің бе»: Ханбибі Есенқарақызы Бақытжан Бұқарбайдың сынына жауап берді

24 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақын Ханбибі Есенқарақызы жазушы Дулат Исабековтің қаралы жиынында сөйлеген сөзіне қатысты сын айтқан Бақытжан Бұқарбайға өз жауабын берді,деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

«Ерікті ауызға, бөрікті бас сияды. Сыйлайтын адамым болғандықтан, Дулат ағаның қаралы жиынына қатысу үшін, жасымның егделігіне қарамай, таңғы бестегі ұшақпен барып, түн жамылып үйіме жеткен едім. Ал таңертең Facebook-та мені кінәлаған жазбаны көріп, қайран қалдым», – деп жазды ақын.

Ақын қаралы жиында Дулат Исабековтің отбасына көңіл айтып, туған-туыстарымен құшақтасып көріскенін, бірақ сол сәтте Бақытжан Бұқарбайдың болмағанын атап өтті.

«Сыйлық туралы сөз қозғайын деген ойым болған жоқ. Тек Дулат ағаның прозаға келуіме үлкен әсер еткенін айтқым келді. Мемлекеттік сыйлық комиссиясының кейбір мүшелері менің прозаға қандай қатысым бар деп сұрағанда, сол жерде отырғандарға шындықты жеткізуді жөн көрдім», – деп түсіндірді ақын.

Есенқарақызы өзіне тағылған сынға реніш білдіріп, «Нурикамал» әніне қатысты айыптаулардың да негізсіз екенін атап өтті.

«Бұл ән халықтың жүрегінен орын алып, 40 жылдан бері орындалып келеді. Егер ол сіздерге ұнамаса, әр көңілден жұлып алып, лақтырыңыздар! Бірақ ол қолдарыңыздан келмейді. Сондықтан да, тырнақ астынан кір іздеуден гөрі басқа нәрсемен айналысқандарың жөн. Сосынғы айтайын дегенім, жасы үлкен әріптестерге орынды-орынсыз тиісе беруді доғарыңдар. Ертең сендердің де келетін жасың! Әрине жете алсаңдар…Апалық ақылым — ерікті ауызға, бөрікті бас сиятыны естеріңде болсын. Содан кейін «испанша күлесің бе, үндіше күлесің бе күле беріңдер, күле беріңдер», — деді ол.

Бақытжан Бұқарбай Дулат Исабеков мемлекеттік сыйлық Нурикамал сын Ханбибі Есенқарақызы қаралы жиын үлкенге құрмет. әдебиет

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.