Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Асыл дін, ата дәстүр жақсылыққа үндейді: Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады

Асыл дін, ата дәстүр жақсылыққа үндейді: Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады

1 марта, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ниет қабыл болсын!», — делінген құттықтау хабарламасында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.

Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз.

Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — делінген Прзидент құттықтауында.

Оқылып жатыр

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

Соңғы жазбалар

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025

«Жаңа Қазақстан дегендерің осы ма?»: Асанәлі Әшімовтің көлігі көпшіліктің наразылығын тудырды

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.