Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер
  • АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды
  • Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр
  • Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді
  • «Қызықтың көкесі соңына қарай екен»: Танымал журналист Тұрсынбектің экс-әйелін аямай сынап тастады
  • Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды
  • Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде
  • Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Тоқаевтың бастамасы қаланың болашағына жасалған стратегиялық қадам – Әзімбек Пазылбекұлы

Тоқаевтың бастамасы қаланың болашағына жасалған стратегиялық қадам – Әзімбек Пазылбекұлы

4 марта, 2025 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң 13 баптан тұрады. Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойды. Жарлықтың жауапкершілігі жоғары. Заңның күшіне енуі Түркістан халқының әлеуметтік жағдайының жақсаруына да, күллі түркі әлемінің рухани астанасының жаңаша сипат алып, саяи түрғыдан маңыздылығының артуына да мүмкіндіктер береді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы заң Түркістанның дамуына тағы қандай мүмкіндіктер мен артықшылықтар беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.

«Ерекше қуанышты әрі тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Осы күнге дейін барлық сатыларда талқылаудан өткен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойды. Осы ретте Түркістанға берілген ерекше мәртебе – бұл жай ғана ресми шешім емес, қаламыздың болашағына жасалған үлкен стратегиялық қадам деуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы қаламыздың тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи мегаполиске айналуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен жаңғыртуға, инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция тартуға жол ашады», -деді Түркістан қаласының әкімі.

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР заңы 13 баптан тұрады. Ерекше заң аясында Түркістан қаласы әкімдігі мен мәслихатына 44 қосымша құзіреттілік беріледі. Аталған заңдағы қаланың келбетіне кері әсерін тигізетін бөтен құрылыс элементтеріне жол бермеу секілді шаралар да заңның негізгі ерекшеліктерін айқындайды.

«Сонымен қатар, шаһардың өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыруға басымдық берілмек. Әсіресе, тарихи аймақты қорғау мен қала аумағындағы мәдени мұра обьектілерін сақтауда үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Қазіргі таңда Түркістанда қаланы көгалдандыру, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, тарихи орындарды жаңғырту, көлік қатынасын жақсарту бағыттарында нақты жұмыстар жүріп жатыр. Жаңа мәртебе бұл бастамаларды одан әрі жандандыруға серпін беретіні сөзсіз.

Сондай-ақ, жаңа мәртебе аясында жұмыс орындарының көбеюі, халықтың әл-ауқатының артуы басты назарға алынбақ. Бұдан бөлек жәдігер қала үшін халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жаңа мүмкіндіктер ашылатынын да атап өткім келеді. Шетелдік серіктестермен байланысты нығайту арқылы мәдени-экономикалық жобаларды іске асыруды жандандыратын боламыз», -деп жазды Әзімбек Пазылбекұлы.

Оның сөзінше, Түркістанды тек туристік орталық ретінде ғана емес, өмір сүруге ыңғайлы, дамыған қала ретінде қалыптастыру – басшылардың басты міндеті болады. Жаңа мәртебе әлеуметтік жобалар мен инвестицияның көбеюіне ықпал ететініне сенім мол.

«Сонымен қатар, киелі қаладағы әрбір тұрғын үшін өмір сапасын жақсарту маңызды мақсатқа айналмақ. Біз Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығы ғана емес, экономикасы қуатты, экологиялық таза аймаққа айналдыруымыз керек. Ерекше мәртебе – үлкен жауапкершілік.

Біз осы сенімді ақтау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз!», — деді қала басшысы.

13 баптан тұратын заңның артықшылықтары:

Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына

44 қосымша құзыреттілік беріледі.

Заңда келесідей негізгі ерекшеліктері қарастырылған:

— қаланың өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыру;

— арнайы дизайн-кодын бекіту;

— қала құрылысы регламентін бекіту;

-​ кесене айналысында бөтен құрылыс элементтеріне жол бермеу;

-​ қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану;

-​ тарихи аймақта 7 метрден асатын, түсі және материалдары үлеспейтін объектілердің құрылысын шектеу;

— қаланың рухани дамуы мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;

-​кесене және қала аумағында орналасқан

25 тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;

-​ тарихи-мәдени мұра объектілерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Аталған Заң Түркістан қаласының одан әрі дамуына келесідей мүмкіндіктер береді:

-​қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін археология ескерткіштері резерваты құрылады;

— ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында қолөнер шеберлер шығындарының бір бөлігі бюджеттен өтеледі (өтемақы мөлшері 10%-дан 25%-ға дейін);

— мемлекеттік әлеуметтік объектілер салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру (мемлекеттік мектептер, балабақшалар, ауруханалар);

— туризмді дамыту мақсатында туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

— автомобиль көлік құралдарын (сегiз орыннан астам) сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;

— санитариялық-гигиеналық тораптардың күтіп-ұстау үшін шығындардың бір бөлігі өтейді;

-​ туристерді тасымалдау жөнінде туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;

-​ стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын бекітеді.

Оқылып жатыр

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

Соңғы жазбалар

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

4 Қараша, 2025

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді

4 Қараша, 2025

«Қызықтың көкесі соңына қарай екен»: Танымал журналист Тұрсынбектің экс-әйелін аямай сынап тастады

4 Қараша, 2025

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

4 Қараша, 2025

Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

4 Қараша, 2025

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

4 Қараша, 2025

«Шикі кодекс – бизнеске соққы»: Адвокат Тоқаевтан жаңа Салық кодексін тоқтатуды сұрады

4 Қараша, 2025

Алматыда Баум тоғайын көріктендірудің маңыздылығы түсіндірілді

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.