Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қазақстандағы мүлік салығы 2025: кім, қашан және қанша төлеуі керек?

4 Қараша, 2025

Қазақстандықтар елдегі үш ірі банктегі депозиттерінен ақша шешіп жатыр

4 Қараша, 2025

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстандағы мүлік салығы 2025: кім, қашан және қанша төлеуі керек?
  • Қазақстандықтар елдегі үш ірі банктегі депозиттерінен ақша шешіп жатыр
  • Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады
  • Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
  • Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті
  • Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды
  • Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен
  • Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Ұлы мәртебелі президент мырза»:  Қырғызстан мен Тәжікстан ғасырлық шекара дауын шешпек

«Ұлы мәртебелі президент мырза»:  Қырғызстан мен Тәжікстан ғасырлық шекара дауын шешпек

13 марта, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шекара келісіміне қол қойып, көп жылға ұласқан қанды дауға нүкте қойғандай. Шенеуніктер мұны «дипломатияның үстемдік құрғаны» деп бағалады, деп хабарлайды Todayinfo Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.

2025 жылғы 13 наурыз – Қырғызстан мен Тәжікстан тарихындағы атаулы күн. Бұл күні екі елдің президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойып, «Қайрағаш» және «Қызыл-Бел» бекеттерін ашты. Бұл бекеттер 2021 жылғы қарулы қақтығыстардан соң жабылып қалған.

Сондай-ақ, келісім бойынша 14 наурыздан бастап Бішкек-Душанбе, Бішкек-Қожанд әуе рейстері қайта іске қосылады.

Бүкіл әлем Ресейдің Украинаға қарсы үш жылдық басқыншылық соғысын аяқтау жөніндегі келіссөздерді бақылап отырғанда Орталық Азиядағы екі мемлекет кезінде қанды қырғынға әкелген шекара дауын шу шығармай шешіп алмақ.

Ортақ шекарасы 1000 шақырымнан асатын Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара келісімінің жобасын «тарихи құжат» деуге болатындай. Мәселе даудың Совет Одағы кезінде, яғни бұл екі ел Мәскеу бақылауында болған шақта басталғанында ғана емес.

Үш бұрын-ақ осы шекараның жартысына жуығы даулы болатын. Ал 2021 және 2022 жылдары екі ел арасында қақтығыс болып, қос тараптан да ондаған адам қаза тапты да, ұлт санасында ұзақ сақталатын жара болып қалды.

Екінші қақтығыстан санаулы апта өткенде тәжік президенті Эмомали Рахмон мен қырғыз президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путиннің араағайындығымен болған кездесуде қол алыспады. Путин бұл мәселені шешуге аса құштар болмағандай көрінді.

Бірақ 12 наурыз күні Рахмон қырғыз астанасы Бішкекке сапарлап келгенде екі президент қол алысып қана қоймай, бір-бірімен құшақтасып көрісті. Тәжік президентін әуежайда қырғыз халқының дәстүрлі бишілері мен әншілері қарсы алды, көшелерге Рахмонның суреті мен «ұлы мәртебелі президент мырза» деген жазуы бар баннерлер ілінді.

Күтпеген жайт кедергі болмаса, Рахмон шекара келісіміне қол қойып, мөр басып кетпек. Тәжік парламенті бұл шартты ешқандай қарсылықсыз ратификациялайды. Қырғызстанда наразылық белгілері байқалғанымен, бұл елдің парламенті де президент келісімін мақұлдаудан бас тарта қоймайды.

Ендігі мәселе шекара түбінде осы даудан әбден жапа шеккен, су тапшылығына ұшырап отырған елдімекендердің өмірі қалай өзгеретінінде.

                                         Қайшылық түйіні қалай тарқатылды?

2021 жылғы дейін шекарадағы оқиғалар көбіне тұрмыстық деңгейдегі кішігірім қақтығыстар болатын. Мұндай қақтығыстар әдетте шекара тәртібі бұзылды деген ойдан, суға таластан туатын. Аракідік қақтығысқа екі жақтың шекарашылары да қатысатын. Бірақ оны ары кетсе, оқ атумен аяқталатын.

Бірақ 2021 және 2022 жылғы қақтығыстарда ауыр артиллерия мен шетелдік әскери дрондар қолданылды (мәселен, Қырғызстан түркиялық Bayraktar TB2 дронын алғанын паш етіп жүрген). Кісі қазасы да күрт артты. Сөйтіп шекара дауы үлкен қақтығысқа ұласып, соғыс қаупін төндірді.

2022 жылғы төрт күндік қақтығыстың салдарынан 100 мыңнан астам адам қоныс аударуға мәжбүр болған. Оқиғана саралаған нью-йорктік Human Rights Watch ұйымы «қос тарап та заңды өрескел бұзғанын» атап өткен.

Ұйым есебінде бейбіт тұрғындардың көліктері мен жедел жәрдем көліктерінің шабуылға ұшырағаны, жарылғыш заттардың жосықсыз пайдаланылғаны, әскери күштердің адамдарды сот-тергеусіз өлімге кескені, үйлер мен азаматтық инфрақұрылымдардың өртелгені жазылған. Мұның бәрі ондаған бейбіт тұрғынның қазасына әкелді дейді авторлар.

Бұл дағдарыс ешбір тарап жуық арада жеңіске жете алмайтын қару-жарақ жарысына әкелуі мүмкін еді. Осы қауіп Орталық Азиядағы ең кедей екі елді келіссөзге итермелеген болуы ықтимал.

Бірақ бұл келіссөз оңай болмағаны анық. Өйткені екі елдің шекарасы Совет Одағы кезінде сызылған. Ал Мәскеу одақ республикалары түбі тәуелсіз болады деп ойламаған.

Әзірге келісім туралы ақпарат көбіне Қырғызстаннан шығып жатыр. Өйткені қырғыз шенеуніктері ашықтау келеді.

Өткен айда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің басшысы Қамшыбек Тәшиев парламент алдында есеп беріп, 21 ақпандағы хаттамаға дейін ауыр келіссөз жүргенін айтты. Шекара келісімі жөніндегі ол хаттамаға қырғыз жағынан Тәшиев, тәжік жағынан сол елдің қауіпсіздік қызметін басқаратын Саймуддин Ятимов қол қойған.

Тәшиевтің айтуынша, ең қиыны Тәжікстанға берілетін жайылым жердің көлемін анықтау болған. Бұл жайылым жер қырғыз территориясының ішіндегі тәжік эксклавы – Ворухтың айналасында орналасқан.

Ұзындығы 20 метр болатын стратегиялық көпірдің мәртебесі де қатты талқыға түскен. Ол көпір Қырғызстанның оңтүстік-батысындағы Баткен облысындағы екі ауданды жалғайды. Бұл мәселені Қырғызстан пайдасына шешуге алты ай кетті деді Тәшиев.

                                       «Достық» ауылының даулы тағдыры

Тәшиевтің сөзіне қарағанда, Қырғызстан Тәжікстанды 1920 жылдардағы картаға сүйенбеуге көндіре алған. Сталин Орталық Азия шекарасын сол кезде сызған деп айтылады.

Бірақ Бішкектің де жол берген тұстары бар. Соның бірі – Достық ауылы.

Келісім аясында қырғыз ауылы тұтастай Тәжікстанға өтеді.

Қырғыз парламентінің депутаты Сұлтанбай Айжігітов елдімекенді Тәжікстанға беру атышулы Ворух эксклавын Тәжікстанның негізгі жеріне жақындата түсетінін айтты. Бұған дейінгі қақтығыстың біршама бөлігі 40 мың тұрғыны бар осы эксклав төңірегінде болған.

«Егер жол бейтарап болып, жер біздікі болғанда – бұл бір мәселе болар еді» деді Айжігітов Бішкек Душанбенің Ворух эксклавы жөніндегі тағы бір талабына көнгенін меңзеп.

«Бірақ мұнда жол да, жер де бейтарап болмақ. Ал бейтарап жерді кім мықты, сол иемденіп кетеді» деді ол.

Осыдан соң Айжігітов билікшіл «Иман нұры» партиясы қатарынан шығарылды. Ал партия жетекшісі Динара Әшімова депутаттың сөзі партияның ұстанымын білдірмейді деді.

Президент Жапаров мемлекеттік баспасөз құралдарына айтқан сөзінде Айжігітовті демагог деп айыптады.

                                            Ал Достықтағы 70 шаңырақтың тағдыры не болмақ?

2021 жылғы қақтығыста бұл ауылда ондаған үй бүлініп, кейін қайта соғылды. 2022 жылы ауыл бұрынғыдан қатты жапа шекті. Артынан үйлер де, маңызды деген әлеуметтік нысандар да қалпына келтірілді.

Шекара келісімінен соң қырғыз билігі Достық жұртын Бұжым ауылына көшіріп, сол жерден оларға үй салып беруді ұсынды.

Ауыл жұрты Бәткен облысының әкімі Айбек Шаменовтен көбірек жер беруді сұрап, облыс басшысы оларға ұрысып тастаған. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырып, Садыр Жапаров облыс басшысына сөгіс жариялаған. Осыдан соң Шаменов Достық тұрғындарына қосымша жер берілетінін мәлімдеді.

                                              Суды бөліп, сауданы арттыру

Қырғыз үкіметі келісімді ратификациялау қарсаңында наразылық тудырмауға басымдық беріп отыр. Олардың бұл мәселеде тәжірибесі де бар. 2022 жылы Жапаров күрделілігі төмендеу, бірақ ондаған жылдар бойы шешілмей келген қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісім жасасқанда алғашқы сынақтан өткен. Ол кезде келісімге наразы болған ондаған адам қамауға алынып, саяси оппозиция мұны жаңа «қызыл сызық» деп атаған.

Тәжікстанда шекара келісімі бойынша Рахмон отбасына қарсылық болуы екіталай. Бұл елде кейінгі он жылда саяси оппозиция толықтай жойылған.

Орталық Азияда авторитаризмнің күшейгені жағымсыз тренд болса, аймақ елдерінің келіспеушіліктерді сыртқы көмексіз шеше алғаны оң тренд деуге болады.

Бейтарап жердегі бейтарап жолдан бөлек, қырғыз-тәжік шекара келісімі Головная тоғанын бірлесіп пайдалануға жол ашып отыр. Тоған суды Қырғызстанның Ақ-Су өзенінен және Тәжікстанның Исфара өзенінен алады.

Тәжіктер мен Қырғыздар тоған бағыттағышын қазірдің өзінде бірлесіп пайдаланады. Бірақ 2021 жылғы үш күндік шекара қақтығысында осы бағыттағыш дауға айналған. Жаңа келісім аясында, тәжіктер мен қырғыздарға бір-бір қақпадан бұйырып, үшіншісіне ортақтасады.

Бірақ осы және өзге де бірлесіп пайдаланылатын инфрақұрылымдар бұдан әрі қалай басқарылатыны әлі белгісіз. Бірақ қос тарап ниетін білдіріп отыр.

Осылайша бір кездері қастасқан екі мемлекет достасу жолына ойысты. Бұл достық 31 наурыз күні тәжік қаласы Қожандта Өзбекстанның қатысуымен өтетін үшжақты саммитте беки түспек.

Кезінде Өзбекстан Қырғызстанға да, Тәжікстанға да жайсыз көрші болған. Бірақ Өзбекстанда елді ондаған жыл басқарған Ислам Каримовтың орнына Шавкат Мирзияев келгелі көп өзгеріс болды. Мирзияев көршілерге қауіп көзі деп қарамай, әріптестікке басымдық беріп, шекара дауын шешуге барын салды.

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде қырғыз вице-премьері Еділ Байсалов саммитті «аймақтық әріптестікті нығайтуда маңызды қадам» деп, Қырғызстан мен Тәжікстанда «дипломатиялық және саяси ерік-жігердің үстемдік құрғанын» атап өтті.

Аймақтың дипломатиялық тілімен айтқанда, бұл – асыра сілтеу емес.

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 қарашадан бастап бәрі өзгереді: жаңа заңдардың сізге тигізетін 5 әсері

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Соңғы жазбалар

Қазақстандағы мүлік салығы 2025: кім, қашан және қанша төлеуі керек?

4 Қараша, 2025

Қазақстандықтар елдегі үш ірі банктегі депозиттерінен ақша шешіп жатыр

4 Қараша, 2025

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025

Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

3 Қараша, 2025

Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен

3 Қараша, 2025

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

3 Қараша, 2025

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.