Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Өскелең ұрпаққа лайықты үлгі» : Бейбіт Исабаев ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады

«Өскелең ұрпаққа лайықты үлгі» : Бейбіт Исабаев ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады

15 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев еліміздің 9 дүркін чемпионы, волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның XXXIII чемпионатында жеңімпаз болған «Жетісу» кәсіби волейбол клубының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында клуб өкілдері марапатталды, — деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Сіздер «Жетісуға» чемпиондық атақты қайтарып қана қоймай, бір маусымда үш мәрте жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын тоғызыншы рет, Суперкубокты төртінші рет жеңіп алдыңыздар. «Жетісу» волейбол клубының спорттағы кәсіби жолы, жеңіс тарихы мен берік дәстүрі – өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Сіздер біздің үмітімізді ақтадыңыздар, — деген Б. Исабаев бұдан кейін марапаттау рәсіміне көшті.

Атап айтқанда, «Жетісу» әйелдер волейбол командасының бас бапкері Марко Гршич жоғары мемлекеттік награда — ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, клуб директоры Нияз Жантілеуов, команда капитаны Карина Денисова, ойыншылар Мадина Бекет, Перизат Нұрбергенова, Татьяна Никитина Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және арнайы төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ойыншылар мен жаттықтырушыларға, команданың спорт дәрігері мен массажисіне облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Өздеріне құрмет пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген команданың бас бапкері Марко Гршич :

— «Жетісу» командасының чемпион атануы — біздің ортақ жеңісіміз. Көз алдымыздағы үш кубокқа қарағанда бойымызды мақтаныш сезімі билейді. Ең алдымен спортшыларымыздың маусым бойы қалай табанды дайындалғанын, командалық рухын биік ұстағанын атап өткім келеді. Болашақта да ары қарай табанды жұмыс істеуіміз керек, — деді ол.

Сол сияқты команда капитаны Карина Денисова:

— Талдықорғанда кәсіби волейболды одан әрі дамыту үшін тамаша жағдай жасап, көмек көрсетіп, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біздің бар жағдай жасалған өз заманауи жаттығу базамыздың болғаны бізге үлкен көмек болды. Біз сәтсіздікте де, жеңісте де бірге болдық, сол ұйымшылдығымыздың арқасында осындай жетістікке жеттік. Сөйтіп «Жетісу» клубының бұрынғы даңқын қайтарып ала алдық, — деді К.Денисова.

Атап өтсек, чемпионат қорытындысы бойынша К. Денисова үздік ойыншы, ал Дарья Шаргородская мен Мадина Бекет тиісінше үздік байланыстырушы және үздік либеро болып танылды.

Сонымен қатар кездесуде Бейбіт Исабаев өңірдің спорт саласы мен спортшыларына жан-жақты қолдау көрсетудің жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Жетісу» клубы бұған дейін 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015 және 2020 жылдары сегіз рет ел чемпионы атанған болатын. Ал жуырда әйелдер командалары арасында волейболдан XXXIII Қазақстан чемпионатында тағы бір рет алтын медаль алып, клуб 2024-2025 жылдың маусымында еліміздің 9 дүркін чемпионы атанды.

Фото: Жеңіс Ысқабай.

 

 

 

 

Оқылып жатыр

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Соңғы жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.