Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады
  • «Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
  • Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды
  • АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін
  • «Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?
  • Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында бір мезгілде 336 баланың тұсауы кесілді

Жетісу облысында бір мезгілде 336 баланың тұсауы кесілді

16 марта, 2025 Аймақ
Zhenis ISKABAY
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында Наурыз мейрамының онкүндігі аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне орай «Өмірге алғашқы қадам» атты тұсаукесер рәсімі өткізіліп, бір мезгілде 336 баланың тұсауы кесілді. Бұл рәсім Қазақстанның Рекордтар кітабына енгізілді, — деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қаласындағы шара «Жастар» Спорт сарайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өтті. Мерекелік рәсім Қыдыр ата кейпіндегі қарияның көпке бата беруімен басталды.
Облыстың аудан-қалалары Спорт сарайындағы шараға бейнебайланыс арқылы қосылды. Осы күні Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді, Алакөл, Сарқан аудандарында 30 баладан, Ақсу ауданы мен Текелі қаласында 20 баладан, сондай – ақ Талдықорған қаласында 80-нен астам бала – жалпы саны 336 баланың бір мезгілде тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімін балалардың жолы ашық, қадамы нық, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен көпке сыйлы ардагерлер, өнер қайраткерлері, қаламгерлер, журналистер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері т.б. атқарды.

Zhenis ISKABAY

Шарада Рекордтарды тіркеу комиссиясының мүшесі Бақытжан Тастүлеков сөз алып:

«Елімізде үш жүзден астам баланың тұсауын бір мезгілде кесу алғаш рет Жетісу облысында өткізіліп отыр. Сондықтан бұл факт Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді», — деп осыны растайтын сертификат ұсынды.

Көп балалы ана, үшемдерді өмірге әкелген Сенбай Тұрсынбек те осы мерекеде сәбилерінің тұсауын кескізуге арнайы алып келді. Алғашқы қадамын жасаған бүлдіршіндердің тұсауын білім беру саласының үздігі, 40 жылға жуық тәжірибесі бар инженер-педагог Әсет Жұмаділов кесті.

Zhenis ISKABAY

«Отбасында алты баламыз бар, тұңғышымыз Дарын 13 жаста, ол да бүгін менімен бірге келді. Күйеуім аспаз болып жұмыс істейді. Бүгін осы мереке күні үш кішкентайым — Дархан, Диана, Дарияның тұсауын кескіздім. Бұл рәсімнің дәл Наурыз күндерінде атқарылғанын жақсыға балап отырмын. Балаларымның алдағы болашақ жолы үшін жақсы бір белгі деп санаймын», — деді ол.

Осы күні Наурызбаевтар отбасы да қуанышқа кенеліп, 22 наурызда бір жасқа толатын кішкентай Инаяттың тұсауы кесілді:

«Тұңғыш баламыздың осындай мерекелік, салтанатты жағдайда алғашқы қадамын жасағанына қатты қуанып тұрмыз. Жастардың ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, оны ұстануға белсенді қатысқанын қоштаймын», — дейді Инаяттың анасы Диана Әлімбек.

С. Луганский атындағы Талдықорған авиабазасының командирі, 10 жылдан астам ұшқыш қызметін атқарып келе жатқан капитан Айдос Досмұхамбетовтің отбасы да құттықтау тілектерін жеткізді:

«Үйленгенімізге 6 жыл болды, екі баламыз бар. Бүгін 11 айлық қызымыз Альсафидің тұсауын кестік. Бүгінгі шараға қатысқан балалардың бәріне құтты қадам тілейміз, жолдары ашық болсын. Наурыз мерекесімен барша халықты құттықтаймыз», — деді оның жұбайы Армангүл Төлеген.

Тағы бір қуаныш иесі:

«Үш баланың анасымын. Ұлым Бейбарыс, қызым Айкүнім және кіші ұлым Құнанбай бәріміз мұнда бірге келдік. Бүгін кіші баламның тұсауы кесілді. Біз отбасында дәстүр-салтымызды құрмет тұтамыз, ата — бабаларымыздың ұстанған тәлімді жолын жалғастыруға, тарихты білуге, мәдени мұраларымызды сақтауға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі шара да — сондай құрметтің бірі», — деді «ТАТЭК» АҚ инженері Әсел Мырзаханқызы.

Ал бұл күні Қаратал ауданында тұсауы кесілген 30 балаға байғазы ретінде қозы берілді.

Қуаныш әсерімен бөліскен көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Лида Жанбота:

«Біздің отбасымыз үшін бүгін қуаныш, қызымыз алғашқы қадамын жасады. Наурыз мерекесімен, Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген жақсылыққа әулетіміз ерекше қуанып отыр. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Бүгін қызыма сыйға тартылған кішкентай қозысы енді өзімен бірге шапқылап ойнап өсетін болды», — деді ол.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін

Соңғы жазбалар

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

12 Қыркүйек, 2025

АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін

12 Қыркүйек, 2025

«Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

12 Қыркүйек, 2025

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

12 Қыркүйек, 2025

Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары

12 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.