Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті

2 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елді мекен газдандырдырылған болса, соңғы үш жыл ішінде тағы 58 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп облыста бүгінгі күні 63 елді мекенге газ тартылды, соның 30-ы өткен жылы көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, газдандыру – Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы ерекше мән беріп отырған басым бағыттардың бірі. Соған сәйкес соңғы үш жыл ішінде газдандыру деңгейі 27%-ға артып, 56,5%-ға жетті. Ал 2025 жылдың соңына дейін өңірде газдандыру деңгейі 71,4% болып, Панфилов ауданын қоса алғанда, Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 500 мыңнан астам халқы бар 126 елді мекен газға қол жеткізе алады.

Тұрғындардың айтуынша, көгілдір отынның келуімен бірге ауылдағы тұрмыс та жайлы бола түскен:

«Біздің ауылға газ 2023 жылдан бастап беріле бастады. Көгілдір отын жеткізіледі дегенді естігеннен кейін отбасымызға жаңа үй тұрғыздық. Енді пеш жағудың, көмір-отын тасудың қажеті болмайды. Қазір жаңа үйімізде газ да, су да бар. Мемлекет тарапынан ауылдық жерге барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады», — деді Көксу ауданы Алдабергенов ауылының тұрғыны Құдайберген Махметов.

Сонымен қатар 2024 жылдың тамыз айында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының 66 елді мекені газбен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ алдағы уақытта облысты табиғи газбен қосымша қамтамасыз ету үшін «Алматы — Талдықорған» лупингісінің (екінші тармағы) құрылысын салуға қатысты дайындық жүргізілуде.

Атап өтсек, газдандыру ісі барысында 1800-дей тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылды.

Газ қостыру құнына тоқталсақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін). Сонымен бірге бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр.

Жалпы, 2029 жылға қарай Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенге толықтай газ тартылады. Соның арқасында 624 мыңнан астам тұрғын немесе өңір халқының 91%-ы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Осылайша жетісулықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған газдандыру жұмысы әкімдік тарапынан алдағы уақытта да жалғасады.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.