Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Тіркемегендер 40 мың теңге айыппұл төлейді»: мопедті тіркеу науқанының аяқталуына үш күн қалды

«Тіркемегендер 40 мың теңге айыппұл төлейді»: мопедті тіркеу науқанының аяқталуына үш күн қалды

2 апреля, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: todayinfo.kz

Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессингтік орталықтың бастығы Айдын Меркімбаев мопедті тіркеу мерзімі аяқталуға жақын екенін және 5 сәуірден кейін тіркелмеген көліктердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

– Айдын мырза, қазіргі таңда мопед тіркеу бойынша қандай деректер бар?

– Бүгінгі таңда 7 081 мопед тіркелді, оның ішінде 2 785-і экстерриториалдылық қағидаты бойынша рәсімделген. Бұл – жүргізушілердің заң талаптарын орындауға деген жауапкершілігінің артып келе жатқанын білдіреді. Дегенмен, әлі де тіркеуден өтпеген көптеген мопед иелері бар.

– 5 сәуірден кейін мопедін тіркемегендер қандай жауапкершілікке тартылады?

– Егер мопед тіркелмесе немесе «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі болмаса, иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. 590-баптың 2-бөлігі, 590-баптың 2-1-бөлігі, 612-бап және 797-бапқа сәйкес келесі жаза түрлері қарастырылған:
✔️ 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл
✔️ 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл
✔️ Көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айыру
✔️ Мопед айыппұл тұрағына қойылады

«Бұл – жай ғана айыппұл емес, көлік құралын басқару құқығынан айырылуға дейін баратын қатаң жаза. Сондықтан мопед иелерін соңғы минутқа дейін күтпей, көліктерін тез арада тіркеуге шақырамыз» – деді Айдын Беркінбаев.

– Мопедті қалай тіркеуге болады?

– Мопедті тіркеу үшін иесі немесе оның өкілі келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
🔹 Жеке басын куәландыратын құжат (қағаз немесе электрондық түрде)
🔹 Тіркеу үшін алымдар:

Тіркеу алымы – 0,25 АЕК (983 тг.)

Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (СРТС) – 1,25 АЕК (4915 тг.)

Мемлекеттік нөмір алу – 1,4 АЕК (5505 тг.)
🔹 Мемлекеттік тіркеуге арналған өтініш
🔹 Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат
🔹 Егер мопедтің идентификациялық нөмірі жоқ болса, уәкілетті орган оны тіркеуге дейін тағайындайды
🔹 Көлік құралының тексеру актісі (алғашқы тіркеу кезінде)
🔹 Бұрынғы СРТС және мемлекеттік нөмір (бар болса)
🔹 Сатылым шарты немесе сенімхат (егер мопед иесінің өкілі жүгінсе)

– Тіркеу процесі қанша уақыт алады?

– ҚР Ішкі істер министрінің №862 бұйрығына сәйкес, мопедті тіркеу процесі 90 минут ішінде жүзеге асырылады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған тиімді жүйе.

– Азаматтарға қандай кеңес бересіз?

– Біз мопед иелерін тіркеуді кейінге қалдырмай, уақытылы рәсімдеуге шақырамыз. Көп адам соңғы сәтте жүгіріп келеді, бірақ құжаттарды алдын ала дайындаған дұрыс. «Егер мопедіңіз тіркелмеген немесе жүргізуші куәлігіңіз болмаса, 5 сәуірден кейін жолға шығуға болмайды. Құқық бұзған жағдайда, көлігіңіз айыппұл тұрағына қойылады, ал өзіңіз қомақты айыппұл арқалайсыз» – деді Айдын Беркінбаев.

«Заң талаптарын сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіз бен қорғанысыңыз. Сондықтан, уақытылы тіркеліп, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз», – деп түйіндеді ол.

Оқылып жатыр

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.