Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қостанайда 200 жылдық тарихы бар John Deere техникасының өндірісі іске қосылды

3 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Диас Рахимбаев

Қостанайдағы локализация орталығының базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қостанайдағы John Deere өндірісі

Жаңа өндірістің іске қосылуы – Қазақстандағы машина жасау саласының дамуындағы және аграрлық секторға озық технологияларды енгізудегі маңызды қадам. John Deere – ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде әлемдік көшбасшы әрі оның Қазақстанда жергілікті өндіріске айналуы сала үшін стратегиялық маңызға ие.

Өндіріс AGROMASH зауытының локализация орталығының базасында жүзеге асады. Бұл кәсіпорын – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін ең ірі өндірістік алаңдардың бірі, ол жоғары өндірістік стандарттар мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

– Елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың арқасында біз әлемдік деңгейдегі John Deere сынды америкалық ауыл шаруашылығы техникасы брендінің өндірісін жергілікті жерде ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл – тарихи сәт. Осындай жоғары технологиялық жобалар арқылы біз тек жаңа жұмыс орындарын құрып, инновациялық технологияларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандықтардың инженерлік ойлау қабілетін дамытамыз, – деді AGROMASH зауытының президенті Динара Шүкіжанова.

Қазақстан фермерлері үшін артықшылықтар

Қостанайда John Deere техникасының өндірісін іске қосу қазақстандық фермерлерге бірқатар жаңа мүмкіндіктер ұсынады:

— Қазақстанның климаттық және жер жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы техникасының кеңейтілген ассортименті пайда болады;

—  Мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып, қолжетімді бағамен техника сатып алу мүмкіндігі туады.

Қазақстандағы John Deere брендінің ресми өкілі – Eurasia Group компаниясы. Жоба аясында олар енді қазақстандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сату, сервистік қызмет көрсету және аграрлық секторға цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын жалғастырады.

Сонымен қатар, бұл жоба ел экономикасына қосымша ресурстар тартуды, білім беру саласын дамытуды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандарды даярлауды көздейді. Атап айтқанда, агрономдар, инженерлер, механизаторлар және IT-мамандар даярланады. Алдағы бес жыл ішінде елде үш заманға сай сервистік орталық салынады. Бұл орталықтар цифрлық технологияларды енгізу мен агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға арналған негізгі алаңдар болмақ.

Өз кезегінде, AGROMASH зауыты өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту аясында басқа да батыс брендтерін жергілікті өндіріске айналдыруды жалғастырады. Бұл Қазақстан нарығындағы отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде локализация орталығында ауыл шаруашылығы техникасы мен оның компоненттері әлемдік жетекші брендтермен бірге өндірілуде. Олардың қатарында John Deere, Lovol, Deutz-Fahr, Кировец, ГОМСЕЛЬМАШ, AMAZONE, CLAAS және басқа да ірі өндірушілер бар.

Осылайша, Қостанай облысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша ең ірі кластер мәртебесін нығайта отырып, елдің индустриялық және аграрлық секторындағы басты орталықтардың біріне айналып келеді.

ауыл шаруашылығы техника Қостанай

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.