Түркістан облысында шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру биыл тиянақты жүргізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Дернәсілдер анықталған 372 мың гектардан астам жер 65 аймаққа бөлінді. 65 топ дәрілеуді жүзеге асырады. 450 аспалы бүріккіш, әр топқа 5 бүрку техникасы бөлінді. Анықтаушылар алаңсыз жұмыс істеуі үшін сумен қамтамасыз етуге 45 арнайы көлік, жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге 30 арнайы автокөлік бекітілді. Арыс, Сарыағаш, Келес аудандарында қосымша 4 «АН-2» ұшақтары бүрку жұмыстарына қатысады.
Анықтаушыларды бүрку алаңдарына тасымалдауға 86 шағынавтобус жұмылдырылады. Су тасымалдау үшін 206 су көздері нақтыланып бекітілді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков химиялық препараттардың аймақтарға үздіксіз мерзімінде жеткізілуін жеке қадағалап отыр.
Химиялық өңдеуге 2120 адам қатысады деп күтілуде.
Анықтаушылардың барлығы химиялық өңдеудің тәртібі мен дәрілеудің ережелерін алдын-ала үйреніп, мамандардан кеңес алды.