Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің нақты мән-жайын жария етті. Оның айтуынша, Шәріп Серікке зорлық-зомбылық емес, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жаза қолданылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
«Үкіммен танысып шықтым. Онда С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқаны жазылған. Сот бұл әрекетті Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлігі, яғни «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер» бойынша саралаған. Мұнда физикалық күш қолдану – ұрып-соғу, шапалақтау немесе жұлқылау секілді әрекеттер қарастырылмаған. Негізгі мән – кемсіту, қорлау не мүлікті бүлдіру», – деп жазды журналист.
Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 5 тәулікке дейін қамау. Журналисттің мәліметінше, бұл үкімнің осылайша жұмсақ болуы – Алия Бутееваның шағым жазбауымен байланысты болуы мүмкін.
Ильяс Канбайдың айтуынша, ол Алматы қалалық полиция департаментінен таңертең нақты ақпарат сұратқан.
«Шын мәнінде, егер Алия Бутеева шағым жазғанда, Шәріп Серікке ‘Ұрып-соғу’ бабы бойынша 5 емес, 50 тәулікке дейін әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін еді», – деді ол.

