Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Дәулет Куконев пен оның орынбасары Ж. Майманов пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
2024 жылғы 31 наурызда Екібастұз қалалық соты Куконев, Майманов және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.
Тергеу мәліметінше, Куконев пен Майманов кәсіпкер Б. Жұмашевтен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.
Сот үкімі бойынша:
- Дәулет Куконев – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
- Ж. Майманов пен Б. Жұмашев – әрқайсысы 7 жылға сотталды;
- Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды;
Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», ал Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.
Айта кетейік, сот актісі заңды күшіне енген жоқ, яғни апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.