Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ақшамыз желге ұшты» — Qazaq Stroy компаниясынан үй алған тұрғындар сапасыз құрылысқа ашуланып жатыр

10 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Qazaq Stroy компаниясы мемлекеттік бағдарлама бойынша салған Alem City кешенінің тұрғындары қоныс аударғаннан кейін құрылыстағы түрлі ақауды анықтаған. Алматылықтар сапасыз әрлеуден бөлек, пәтерді жекешелендіру бойынша қиындықтар бар екенін жасырмады. Бұл туралы Todayinfo Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындар құрылысшының әрекетсіздігіне және өтініштерге жауап болмауына наразылық білдіріп жатыр. Олар кемшіліктерді түзетуді және жекешелендіру шарттарын қайта қарауды талап етіп отыр. Кешен тұрғындары ең бірінші ақау сапасыз жөндеу екенін, оның ішінде қабырғаларда жарылған жерлер, сантехникалық проблемалар және сапасыз әрлеу бар екенін атап өтті. Бұдан бөлек коммуналдық мәселелер де бар. Су мен жылу беру жүйесінде үзілістер жиі байқалған. Құжаттармен байланысты кідірістер де кездесіпті.

Ал кейбір тұрғындар меншік құқығын рәсімдеудің ұзақ уақытқа созылғанын және пәтерді жекешелендіру үшін талап етілетін жоғары сомаларды шағымданып жатыр.

Видеокадрлардан жаңбырдан кейін кермелі төбеге су толып қалғанын көруге болады. Сонымен қатар терезе жарықшаларынан су өтіп, қабырға ылғалданып, едендегі ламинат көтеріліп кеткен.

Әлеуметтік желіде оқырмандар да Qazaq Stroy компаниясынан алдағы уақытта үй алмау керек екенін ескертті.

«Үйсіз қалсаң да, бұлардан алмау керек @qazaqstroy_official. Халықты ойлаған бұлар жоқ! Жұрт қаншама ақшаға алды, не мынау енді? Шалаштан кем емес», «Qazaq Stroy-ды ешкімге ұсынбаймын. Бронь үшін алдын ала төлем алады да, қайтармайды! Таңдаған пәтерді көрсету деген де жоқ. Тек макет арқылы таңдау керек! Өзім барып, құрылыс алаңын тексеріп келдім, жақсы болғаны, олардан пәтер сатып алмағаным! Санына емес, сапасына қарай құрылыс салыңыздар!», «Өте нашар үйлер. Сантехника жұмыстарымен байланысты үнемі мәселелер туындайды. Ал қабырғалардағы жарылулар, дыбыс оқшаулауы туралы мүлде айтпай-ақ қойсам да болады…», «Біз сол жерде тұрдық. Кейін дереу сатуымызға тура келді, жай ғана ақшамыз желге ұшқандай болды. Бұл жерде тұрмағаныңыз жақсы, бәрін жаңадан ауыстыру керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Осы ретте Stan.kz редакциясы Qazaq Stroy компаниясына хабарласып, ақаулар туралы сұрады.

«Бұл видеодағы мәлімет актуалды емес. Былтыр түсірілген кадрларды жариялаған. Қазір пәтерлерде мұндай проблема жоқ. Сәйкесінше, біздің тарапымыздан еш түсініктеме болмайды», – деп жауап берді Qazaq Stroy компаниясы.

Компанияның айтуынша, былтырғы ақаулар сол кезде жойылып, қалпына келтірілген. Десе де, тұрғындар бұдан ешнәрсе өзгермегенін айтады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Qazaq Stroy компаниясы құрылыста жұмыс істеп жүрген тәжік азаматына 5 айдан бері айлық бермей жатқаны туралы видео тарады. Шетелдік азамат қазір Алматыда танысының шақыртуымен келгенін және сол арқылы айлық алып жүргенін айтқан еді.

QazaqStroy Тұрғын үй дауы құрылыс құрылыс компаниясы

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.