Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Тіл мәселесінің ушығуына себепкер болған «Magnum» компаниясы халықтан кешірім сұрады

Тіл мәселесінің ушығуына себепкер болған «Magnum» компаниясы халықтан кешірім сұрады

10 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақ тіліне байланысты даудан кейін бірнеше күн өткен соң Магнум компаниясы ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен «Magnum» компаниясына қатысты дау жұртшылықтың ерекше назарын аударды. Дау-дамай Алматы қаласындағы Magnum сауда желісінің бір дүкенінде басталған. Тіл мәселесіне қатысты орын алған түсінбеушілік қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Интернетте тараған ақпаратқа сәйкес, компанияның қызметкері қызмет алушыға қазақ тілінде сөйлей бер деп айтып қалған. Алайда клиент осыған ашуланып, компанияға арызданған. Осы сәтте екеуара түсініспеушілік туындап, жанжал ушығып кеткен. Оқиға желіде жарияланғаннан кейін, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары бұл жағдайды «қазақ тілінің тағы да ескерусіз қалғаны» деп қабылдап, Magnum компаниясына наразылықтарын білдірді. Әлеуметтік желіде бойкот жариялау жайлы да ұсыныстар айтылды. Себебі жұмыскерді компания қызметтен шеттеткен.

Мәселе қыза түскен соң, «Magnum» компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов ресми мәлімдеме жасап, елден кешірім сұрады. Ол өз сөзінде компания қазақ тілін құрметтейтінін, дау-дамайға себеп болған қызметкер мен клиенттің өзара татуласқанын атап өтті. Қазіргі таңда қызметкер жұмысын жалғастырып жатыр.

«Бұл жағдай елді дүрліктіріп, мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Ең алдымен біз, яғни Магнум компаниясының басшылығы осы оқиға үшін сүйікті клиенттеріміз бен барша жерлестерімізден кешірім сұраймыз. Халқымыз кез келген дауды сабырмен, ақылға салып шешкен. Қазір жұмысшымыз бен клиенттің арасындағы түсінбеушілік толығымен шешімін тапты. Олар қол алысып татуласты, бір-біріне деген өкпе-реніші жоқ. Ал қызметкеріміз жұмысын Магнумда жалғастырып жатыр. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз. Оны білу — әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»! — деді Шапақов мырза.

Бұл жағдай еліміздегі тіл мәселесінің қаншалықты нәзік әрі өзекті екенін тағы да көрсетті. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық орындарда оның толық қолданысқа енуі әлі де күрделі мәселе күйінде қалып отыр.

Magnum кешірім сұрау курьер тіл мәселесі

Оқылып жатыр

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

Соңғы жазбалар

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025

«Жаңа Қазақстан дегендерің осы ма?»: Асанәлі Әшімовтің көлігі көпшіліктің наразылығын тудырды

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.