Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай
  • «Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады
  • «Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді
  • «Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады
  • «Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Трамптың шешімдерін қолдаймыз»: Тоқаев жаһандық сауда соғысының кесірінен ахуалдың күрделенгенін айтты

«Трамптың шешімдерін қолдаймыз»: Тоқаев жаһандық сауда соғысының кесірінен ахуалдың күрделенгенін айтты

11 апреля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкентке барған сапарында, мемлекет басшысы сауда соғысының кесірінен әлемдегі жағдайдың күрделене түскенін айтты. Президент тіптен мұның соңы қарулы қақтығыстарға да ұласуы мүмкін екенін жоққа  шығармады, деп хабарлайды Todayinfo.

Тоқаев экономикалық жағдайдың күрделеніп кеткенін, десе де Трамптың шешімдерін қолдайтынын білдірді.

– Баршаңызға белгілі, жаһандық сауда соғысының өршуі салдарынан дүние жүзінде күрделі ахуал қалыптасып келеді. Егер мұндай текетірес орын алса, оның зардабын барлық ел тартады. Оған еш күмән жоқ. Бұл ретте біз Президент Трамптың аталған қақтығысқа қатысы бар елдердің ұстанымдарын нақтылап, мүмкіндігінше келіссөз бастау үшін 90 күн мораторий жариялау туралы байыпты шешімін құптаймыз. Сарапшылар елдердің бір-біріне қарсы тарифтер енгізуі әлем экономикасының құлдырауына түрткі болып, халықаралық сауда-саттықтың бүкіл ережесін тас-талқан етуі, тіпті, оның соңы қарулы қақтығыстарға дейін ұласуы мүмкін деп ескертеді. Апта басында барлық негізгі индекстердің мәні төмендеп, мұнай бағамы барреліне 60 доллардан аспады. Алайда Америка билігі тарифтерді кейінге қалдыру туралы шешімін жариялаған соң, биржадағы бағалар өсті. Қазір жағдай біршама тұрақталғаны байқалғанымен, әлемдік қор нарығы мен шикізат биржалары бұрын-соңды болмаған мазасыз күйге түсіп тұр. Әлемнің қатаң тарифтік қақтығыстар саясатына көшкені анық, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайдың күрделі екеніне қарамастан ел экономикасын көтеру үшін ірі жобаларды жүзеге асыра беретіндерін, стратегиялық бағдардың өзгермейтінін айтты.

—  Әңгіме кезекті рецессия жайында ғана емес, жаһандық экономиканың іргесін шайқап, халықаралық қатынастар жүйесіне ауыр зардабын тигізетін дағдарысқа бет алғанымызда болып отыр. Біз қазіргі ахуалды мұқият сараптап, барлық қауіп-қатерді ескеріп жатырмыз. Ешбір қиындыққа қарамастан, Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолынан ауытқымайды, стратегиялық бағдарымыз да өзгермейді. Біз инфрақұрылым, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және басқа да бағыттар бойынша ірі жобаларымызды жүзеге асыра береміз. Жұмыс тоқтамайды. Сондай-ақ, әрине, мемлекетіміз әлеуметтік міндеттемелерін орындайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылып жатыр

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды

«Президенттеріңіз жақсы адам»: Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

Соңғы жазбалар

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.