Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 2,1 миллиард теңге: Қарағанды облысында 15 сәуірден бастап жастарға арналған жеңілдікті ипотекаға өтінімдер қабылданады

2,1 миллиард теңге: Қарағанды облысында 15 сәуірден бастап жастарға арналған жеңілдікті ипотекаға өтінімдер қабылданады

11 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағандыда, Теміртауда және Саранда 15–23 сәуір аралығында жұмыс істейтін жастардан жеңілдікті ипотека алуға өтініштер қабылданады. Бағдарламаға қатысу шарттары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жстарды баспанамен қамту жобасы аясында 2,1 миллиард теңге бөлініп, 107 ипотекалық қарыз берілмек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы Қарағандыда 2022 жылы іске қосылды. 2024 жылы ол Теміртау мен Саран тұрғындарына қолжетімді болды. Жастардығ оның ішінде жас мамандарды баспанамен қамту өңірдің дамуын, жұмыс күшінің артуына серпін береді.

– Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен жыл сайын 500 миллион теңге көлемінде «Отбасы банкі» желісі бойынша қоса қаржыландырумен 1 миллиард теңге бөлінді. Үш жыл ішінде 350 ипотекалық қарыз мақұлданды. Жалпы облыс бойынша 2,1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Осы қаражат аясында 107 жеңілдікті ипотекалық қарыз беру күтілуде, – деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязова.

Бағдарлама аясында жас мамандар жылдық 6% -бен 20 млн теңгеге дейін ипотекалық қарыз ала алады. Ең ұзақ мерзімі – 19 жылға дейін. Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%. Тұрғын үйді бірінші және екінші нарықта таңдауға болады, алайда соңғы жағдайда үй 1974 жылдан бұрын салынбауы тиіс.

Бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қызметкерлер мен коммуналдық қызмет қызметкерлері қатыса алады. Биыл тізімге жұмысшы мамандықтарының өкілдері, «Қазпошта» АҚ, ТЖД қызметкерлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және т. б. кірді.

Басты шарттардың бірі – өтініш берушінің немесе оның жұбайының соңғы бес жыл ішінде жеке тұрғын үйінің болмауы.

–  Жеңілдікті бағдарламаның арқасында жас жұмысшылар биыл қоныс тойын тойлай алады. Жақын күндері Қарағанды әкімдігінің сайтында және @otbasybank _ karaganda Instagram-аккаунтында бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат орналастырамыз. Өтініш берген соң «Отбасы банк» мамандары ізденушінің құжаттар пакетін, оның төлем қабілеттілігін, несие тарихын тексереді. Мысалы, жұбайсыз және баласыз адам қарыз алу үшін айына кем дегенде 221 мың теңге табуы керек. Егер екі баласы бар отбасы болса, онда жалпы табыс 370 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Ипотека бойынша төлем сомасы алғашқы 8 жылда 184 мың теңгені және келесі 11 жылда 91 мың теңгені құрайды, – деп түсіндірді «Отбасы банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Сұлтан Айдарханов.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.