Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды
  • «Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады
  • Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты

12 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің қызметкерлері мен олардың отбасысы үшін ұйымдастырылған Наурыз мейрамына қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.

Соңғы үш жыл ішінде Алматы әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық мекеменің бірі ретінде полицияның дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Атап айтқанда, Алматы әкіміне жергілікті бюджет қаражатына сатып алынған жаңа техника мен толықтай жөндеуден өткен әкімшілік ғимарат таныстырылды. Бұл ғимарат Алматы әкімдігі тарапынан жеке меншік иесінен 1,7 млрд теңгеге сатып алынып, өткен жылдың қыркүйек айында полиция балансына берілген еді. Бүгінде бұл ғимарат шамамен 300 қызметкерге қолайлы жұмыс жағдай жасап отыр және Полиция департаментінің негізгі ғимаратына жақын орналасқан, бұл құқық қорғаушылардың жұмысын жеделдетуге ықпал етеді.

Бұл Алматы полициясының материалдық-техникалық базасын нығайту және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Шаһар басшысы қоғамдық қауіпсіздік жүйесін нығайту қала саясатының басым бағытының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өз кезегінде Полиция департаментінің басшылығы көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, Алматыда қоғамдық қауіпсіздік саласында озық шешімдер енгізіліп жатыр. Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесі жүзеге асырылуда, сондай-ақ жасанды интеллект элементтері бар бейнемониторинг белсенді қолданылып отыр. Биыл жыл соңына дейін Бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосылған камералар саны 70 мыңға дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар, сапар барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ерболат Досаев полиция капитаны Қарашаш Есдәулетоваға пәтер сертификатын табыстады. Ол Дубайда өткен UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық турнирінде жүлдегер атанды. Оның командасы әлемнің ең үздік арнайы бөлімшелері арасында екінші орын иеленді.

Айта кетейік, Қарашаш Есдәулетова Қазақстан ІІМ-нің алғашқы әйелдер командасы — «Томирис» құрамында өнер көрсетті. Бұл команда осы беделді жарысқа алғаш рет қатысып, бейресми түрде арнайы жасақтың «Олимпиадасы» саналатын, әлемнің элиталық тактикалық бөлімшелерін жинайтын турнирде бақ сынады.

Алматы

Оқылып жатыр

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

Соңғы жазбалар

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.