Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өз Instagram парақшасына Қазыбек Құрайышқа қыз тауып, тезірек үйлендіруге ниетті екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Todayinfo.
«Бір сыдырғы інімнің биыл тойына барайық ағайын. Жастар таныссын, үлкендер көмектессін, жеңгелер жеңгетай болсын. Несі бар… Жақсы бір ойым, ниетім ғана ғой», — деді журналист.
Сондай-ақ, ол қыздардың резюмелерін өзі қабылдайтынын, Қазыбекке қандай қыздар ұнайтынын білетіндігін айтып әзілдеді.