Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

18 Қазан, 2025

Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті

18 Қазан, 2025

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды
  • Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті
  • «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»
  • Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті
  • Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады
  • Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады
  • «Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды
  • «Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 18 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Көш соңында жүргеніміз — бізге сын»: Абай облысының әкімі Берік Уәли Берік ветеринариялық-санитариялық мәселені талқылады

14 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста облыстағы ветеринариялық-санитариялық нысандардың жәй-күйі, Абайдың 180 жылдығы және Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күнін атап өтуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жиында Ветеринария, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, Ішкі саясат, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары, Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшылары мен Абай ауданының әкімі баяндама жасады.

Облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышевтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде 131 ветеринариялық пункт бар. Оның 26-сы – коммуналдық мекемелердің, қалғаны – жергілікті әкімдіктердің ғимаратында орналасқан. Алайда ғимараттардың көпшілігінде қан сынамаларын және вакцинаны уақытша сақтау талапқа сай ұйымдастырылмаған. Сондықтан өңірдегі барлық ветеринариялық пункттерді заман талабына сай жаңа ғимаратқа орналастыру қажеттігі туындап отыр.

Облыс аумағында 84 мал сою нысаны тіркелген. 2024–2026 жылдарға арналған индикативтік жоспарға сәйкес қосымша 128 нысан ашу көзделген.

Өңірде 146 мал көму қорымы бар. Жиында ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау үшін қосымша 118 мал қорымын салу туралы айтылды. Аймақтағы сібір жарасы көмінділерін талапқа сай қоршау да күнтәртібінде тұр.

Облыс әкімі жиында Ветеринария басқармасының бұл бағыттағы жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегенін сынға алды. Саланың өзекті мәселелері толық қамтылмағанын жеткізіп, басқарма басшысының баяндамасын кері қайтарып, аталған мәселе маусым айында қайта қаралатынын айтты. Жауапты орынбасары Қуаныш Сүлейменовке осындай олқылықтарға жол бергені үшін ескерту жасады.

«Салалық министрлік Абай облысында Сібір жарасы көмінділерінің, ветеринария бекеттерімен қамтамасыз ету, мал қорымдары мен сою бекеттерін құру жоспарларының орындалу барысын өте төмен дәрежеде бағалап отыр. Біздің облысымызда ежелден ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ауыл халқының көпшілігі мал шаруашылығымен шұғылданады. Өңірдің ветеринария саласының республика бойынша көш соңында жүруі бізге сын. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандыру керек. Әкім орынбасарына өзіне тиісті саланы қатаң бақылауға алуды тапсырамын», — деді облыс әкімі.

Абай облысы

Оқылып жатыр

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

Соңғы жазбалар

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

18 Қазан, 2025

Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті

18 Қазан, 2025

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

18 Қазан, 2025

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

18 Қазан, 2025

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025

«Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

17 Қазан, 2025

Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.