Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «2 млрд теңгеден астам қаражатқа алынды»: Ұлытау облысына бұрын соңды болмаған медициналық жабдықтар әкелінді

«2 млрд теңгеден астам қаражатқа алынды»: Ұлытау облысына бұрын соңды болмаған медициналық жабдықтар әкелінді

15 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласы үшін 2024 жыл материалдық – техникалық жарақтандыру жағынан жемісті болды. Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының атқарған қарқынды жұмысының нәтижесінде заманауи медициналық технологияларды енгізу процесі айтарлықтай жанданып, сала бұрын соңды болмаған жабдықтармен жабдықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыстың медициналық мекемелеріне жергілікті және республикалық бюджеттерден жалпы сомасы 2 млрд. 223 млн. теңгеге медициналық жабдықтар мен техника сатып алынды. Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасына агиограф және 128 кескінді КТ (1,4 млрд теңге) ірі күштік аппараттар сатып алынды.

Ангиограф — бұл рентген сәулелері мен контрастты заттардың көмегімен қан тамырларын визуализациялауға  (көруге) мүмкіндік беретін арнайы жабдық. Ол тамырлардағы тарылу немесе бітелу, аневризмалар, қан ұйығыштары және басқа да қауіпті патологияларды дәл анықтауға мүмкіндік береді, мұның өзі күрделі инсульттар кезінде маңызды.

128 кескінді КТ компьютерлік томографиясы — бұл жоғары деңгейде ажыратуды және кескінді жылдам алуды қамтамасыз ететін жетілдірілген компьютерлік томография технологиясы. Құрылғы бір уақытта бірнеше кесінді алу арқылы дененің әртүрлі бөліктерінің егжей-тегжейлі 3D кескіндерін жасайды. Технология әсіресе жүрек-қантамыр жүйесін тексеру кезінде үлкен артықшылық береді.

Сонымен қатар, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінде инновациялық роботтандырылған хирургиялық бейнелеу жүйесі (операциялық микроскоп) орнатылды. Микроскоп дәрігердің қолмен жасаған манипуляцияларының санын азайтады, жоғары орналасу дәлдігін қамтамасыз етеді және мидың терең бөліктеріне, соның ішінде тамырларды кесуге мүмкіндік береді. Аталған медициналық техниканың арқасында біздің нейрохирургтар миға күрделі операциялар жасауда. Айта кету керек, жергілікті мамандар үстіміздегі жылдың ақпан айында алып ми ісігіне күрделі ота жасап, 40 жастағы әйелді мүгедектіктен сақтап қалды. Ісіктің көлемі 6 см құрады.

Жаңаарқа аудандық көпсалалы ауруханасының хирургтары биыл орнатылған аз инвазивті эндоскопиялық араласуларға арналған жүйенің арқасында икемді немесе қатты эндоскопты қолдана отырып лапароскопиялық операциялар жасай бастады. Осы ауруханаға , сонымен қатар лор комбайн да сатып алынды. Бұл аппараттарда Жаңаарқа ауданының тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің тұрғындары да тексеріліп қарала алады.

Былтырдан бері облыс орталығында «Centre Nova Diagnostic»ЖШС және «Orion Medicals» ЖШС мемлекетті – жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде көрсетілімі жоғары 1,5 Тесла магниттік өрісі бар магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинеттерін ашып халыққа қызмет көрсетуде.

Дертті ерте анықтау, емдеудің сәтті болу мүмкіндігін сөзсіз едәуір арттырады. Мұның өзінде заманауи технологиялардың орны ерекше.  Бүгінгі күні өңір тұрғындарына үлкен жеңілдік жасалды, оларға нақты диагностика жасау үшін бұрынғыдай Қарағанды, Астана қалаларына барудың қажеті жоқ.

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.