Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • «Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысында дәрігерлер тыл ардагерінің үйін аралап, денсаулығын тексеріп жүр

15 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы Жетісу ауылында тұратын тыл еңбеккері Балшекер Тайжановаға барды.

«Жасы ұлғайғандықтан ардагерге ауруханаға бару қиынға соғады. Сондықтан медицина қызметкерлері тұрақты түрде үйде көмек көрсетеді. «Біз ардагерге жылына бірнеше рет келіп тұрамыз. Ол үлгілі пациент, біздің айтқан ақыл-кеңестерімізді әрдайым уақтылы орындайды», — дейді Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасының меңгерушісі Саят Тікенбаев.

Айта кетсек, Балшекер Тайжанова – нағыз қарапайым еңбек адамы. Олар туралы ел Президенті: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын.

Жас кезінде Балшекер апа қызылша алқабында жұмыс істеді. Кейін сауыншы болып, күніне 44 сиыр сауды, мал бақты. Лайықты демалысқа шыққаннан кейін ол туған ауданының дамуына, жастарды тәрбиелеуге үлес қосуын жалғастырды. Көп балалы ана жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді. Қазір 22 немересі, 44 шөбересі бар.

«Менің басты қағидатым – адал еңбек ету, сол арқылы лайықты өмір сүру. Тек сонда ғана біз адамгершілікті сақтап, ізгі қасиеттерді болашақ ұрпаққа жеткізе аламыз. Мемлекетіміздің бізге, қарттарға қамқор болғаны өте жақсы. Жылы сөзге, жайдары көңілге не жетсін», — деді ол.

Жалпы Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне, оларға теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлеріне кешенді әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

«Биылғы жылы өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген 3 215 адамға біржолғы материалдық көмек көрсетуге 393,8 млн.теңге бөлінді. Бұл ретте майдангерлерге 5 млн. теңгеден төленетін болады. Жанқиярлық еңбегі үшін берілген наградалары бар тыл қызметкерлеріне 100 мың теңгеден төленеді. Материалдық қолдаудан басқа ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін коммуналдық шығындарға ай сайынғы өтемақы түрінде жеңілдіктер беріледі, ардагерлер техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жылына бір рет тегін санаторлық-курорттық жолдамалар алады. Атап айтқанда, биыл өңірде 243 ардагерге санаторлық-курорттық емделуге 50 млн. теңге бөлінді», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Жалпы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысына тікелей қатысушы 2 ардагер бар. Олар Төлеубай Чектыбаев пен Ысқақ Құсайынов, ардагерлер бүгінде 100 жастан асты. Сол сияқты 1598 тыл еңбеккерлері тұрады.

Фото: Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысы

Оқылып жатыр

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

Соңғы жазбалар

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.