Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағанды облысында 673 шақырым автожол жөнделеді

16 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысы әкімдігінде өткен кеңесте жол маусымының жоспары талқыланды. Өңірлік маңызы бар жолдарды жөндеуде жаңаша шешім қабылданды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Орташа жөндеуден өткен учаскелерде жаңа асфальт екі қабат етіп төселеді. Бұрын бір қабат төселген. Бұл жол төсемінің беріктігін арттырып, жүктемені көтеруге мүмкіндік береді.

Биыл жолдарды орташа жөндеу алты учаскеде жүргізіледі:

Керней – Семізбұғы;

Қарағанды – Тоғызқұдық;

Ақой – С. Сейфуллин – Ақсу-Аюлы;

Осакаров – Молодежный;

Нұра – Шахтерское;

Қарағанды – Шахтинск.

Алдағы маусымда барлығы 673 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған, оның 242-сі республикалық маңызы бар, 84-і облыстық. Сондай-ақ, қалалық және кентішілік жолдарды ретке келтіру жалғасады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мұқашев осы жылы аяқталуы тиіс жобалар туралы айтып берді. Бұл Нұра – Осакаров, Жартас – Долинка, Үштөбе – Құрылыс автожолдарын қайта құру.

Сондай-ақ, екі көпірдің қайта жөнделуі аяқталуға жақын: Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы, Саран – Шахтинск автожолындағы Шерубай-Нұра өзені арқылы.

Биыл Осакаров – Литвиновское – Тельманское – Молодежный автожолындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу басталады. Жаңа жобалар әзірленді, оларға биыл кірісу жоспарланған. Бұл Шахан – Жаңаталап, Дубовка – Саран автожолдарын қайта құру.

Бұдан басқа, Saran индустриялық аймағына айналма жол салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Биыл қалалар мен аудандарда 237 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша облыстың 24 елді мекеніндегі 110 шақырым кентішілік жол жөндеуден өтеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жол инфрақұрылымын дамыту үшін барлық жобаларды тиімді және уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сапаны бақылау барлық кезеңде — пайдаланылатын материалдардан бастап жұмыс өндірісіне дейін болуы тиіс, деп атап өтті ол. Сараптама жүргізу үшін әкімдіктер Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалымен шарттар жасасады.

Қарағанды облысы

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.