Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында соңғы үш жылда 30 спорт нысаны жаңадан салынды

Жетісу облысында соңғы үш жылда 30 спорт нысаны жаңадан салынды

16 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысы құрылғалы бері 30 спорт нысаны жаңадан салынып, 3-еуі күрделі жөндеуден өткізілді. Осылайда үш жыл ішінде спорт саласының инфрақұрылымын жаңарту деңгейі 55,8% жетті. Атап айтқанда 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 спорт кешені, 2 күрес залы, 10 блок-модульді спорт кешені, 2 футбол манежі, 2 ангар үлгісіндегі спорт кешені, мұз аренасы, стадион, спортшыларға арналған тұрғын үй, үстел теннисінің орталығы, волейбол орталығы және волейболшыларға арналған тұрғын үй салынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сол сияқты Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласындағы стадиондарға күрделі жөндеу жүргізілді. Соның арқасында халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 64,1%-ға жетті.

Өткен жылы іске қосылған нысандардың ішінде «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған Қазақстанда баламасы жоқ заманауи волейбол орталығын, сондай-ақ спортшыларға арнап инвестор салған төрт қабатты тұрғын үйді ерекше атауға болады. Ондағы екі бөлек жаттығу залында «Жетісу» КВК ерлер, әйелдер командаларының негізгі құрамы және жастар дубль-құрамдары жаттығады. Әйелдер командасының волейболшылары өздерінің волейбол базасының болуы олардың биылғы жылғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуіне зор ықпал еткенін айтады

— Талдықорғанда кәсіби волейболды одан әрі дамыту үшін тамаша жағдай жасалып, көмек көрсетіліп отыр. Біздің өз заманауи жаттығу базамыздың болғаны бізге үлкен көмек болды. Біз сәтсіздікте де, жеңісте де бірге болдық, сол ұйымшылдығымыздың арқасында, жасалған жағдайлардың нәтижесінде «Жетісу» клубының бұрынғы даңқын қайтарып ала алдық, — дейді  команда капитаны Карина Денисова.

Еске салсақ, Жетісу» волейбол қыздар командасы 2024-2025 жылдардағы маусымда үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр, яғни ҚР Чемпионатын тоғызыншы рет, сол сияқты Кубогын да тоғызыншы мәрте, Суперкубокты төртінші мәрте ұтып алды.

Өңірдің спорт кластерін толықтырған тағы бір заманауи нысан – Талдықорғанда инвестордың қаражаты есебінен салынған облыстағы тұңғыш үстел теннисі орталығы. Нысан халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Онда ерекше қажеттіліктері бар спортшылар үшін барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ 31 мың халқы бар Текелі қаласында өткен жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені де қазіргі кезде жемісті жұмыс істеп тұр, мұндай кешен тіпті облыс орталығында жоқ.

— Бүгінде мұнда ауыр атлетика, бокс, баскетбол, садақ ату, дзюдо, комбат дзю-дзюцу, каратэ шинкиокушинкай сияқты спорттың 7 түрінен 551 спортшы жаттығады. Соның ішінде мен баскетболдан жаттықтырушымын. Осы ғимарат қазір Текелі қаласының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін мықты база болып отыр. Балалармен жаңа ойын залында жаттығу өткіземіз. Спорт кешені ашылғаннан бері облыс және Қазақстан чемпионаттарына қатысып жақсы нәтиже көрсеттік. Алда да әлі талай жеңісті жол бар деп ойлаймын. Мұндай заманауи жабдықталған нысандар әсіресе жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа баулуға аса қажет, — дейді жаттықтырушы Әлібек Мұқанов.

Ал биыл облыста 3 спорттық нысанды салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бұл ретте Алакөл ауданы Лепсі ауылында 160 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы жылы Алакөл ауданы Қабанбай ауылына 80 орынды спорттық кешен тұрғызылады. Талдықорған қаласында көркем гимнастикаға арналған залдың құрылысы басталған. Оған қоса биылғы наурыз айынан Қаратал ауданы Кәлпе ауылында инвестор есебінен блокты-модульді үстел теннисі кешені салына бастады. Сонымен қатар Қаратал ауданы Алмалы ауылында, Кербұлақ ауданы Қарашоқы, Сарыбастау ауылдарында, Көксу ауданы Талапты ауылында жылдам салынатын блокты-модульді спорт кешендерін салу жоспарда бар.

Жалпы өңірде бұқаралық спортпен қатар балалар мен жасөспірімдер спортына да ерекше мән беріліп келеді.

Сонымен 2022 жылдан бері облыста бокс және дзюдо бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен  жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық, олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектептері, «Жетісу» волейбол, хоккей, ұлттық спорт түрлерінен клубтар ашылды. Қысқы спорт түрлерін дамытуда мақсатында 2024 жылдың басынан Талдықорған қаласының №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөпірімдер мектебінде керлинг, шорт  трек және шайбалы хоккей бойынша бөлімшелер ашылды. Сонымен қатар сәуір айында Талдықорған қаласының №1 ОРМБЖМ-сында және Ескелді, Көксу аудандарының спорт мектептерінде шайбалы хоккей спорт түрінен бөлімшелер ашылды. Оған қоса облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде алғаш рет биылдан бастап аула және мектеп командалары арасында футбол, волейбол және баскетболдан облыстық балалар турнирін өткізуді бастаймыз. Қазіргі кезде облыс бойынша 560-тан астам командадан өтінімдер қабылданды. Іріктеу жарыстары 19 сәуірде басталады, ал облыстық кезеңді маусым айында өткізу жоспарланған.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.