Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды — Тоқаев

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды — Тоқаев
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • «Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды
  • «Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды
  • Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет
  • Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Билік қазақ тіліне қиянат жасады деу – бос әңгіме»: Ерлан Қарин ана тілдің мәртебесіне қатысты пікір білдірді

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады деу – бос әңгіме»: Ерлан Қарин ана тілдің мәртебесіне қатысты пікір білдірді

25 апреля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қазақ тілі мәртебесіне қатысты айтқан ойлары қоғамда туындаған пікірталастарға ресми тұрғыдан жауап берумен қатар, мәселенің түп-төркіні мен оның шешілу жолдарын да анықтап көрсетіп отыр. Карина биліктің тілге қиянат жасап отырмағанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты әлеуметтік желілерде айтылып жатқан пікірлерге жауап берді.

«Аттанға салып, айғайға басып, жоқ жерден шу шығаратындай ештеңе болған жоқ. Мемлекеттің тілге қатысты ұстанымы сол қалпы. Қазақ тілін еліміздегі этносаралық қатынас тіліне айналдыруға қатысты бағытынан айнымай, өз арнасымен тұрақты түрде жалғаса береді. Ассамблея сессиясында Президент осыны тағы да анық айтты. Жалпы, қазақ тілінің болашағына қатысты пессимистік ойдан арылатын уақыт жетті. Мен мұны бұрын да айтқанмын, тағы да қайталағым келеді. Керісінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілі – жастардың тіліне айналды. Жас ғалымдар, өнерпаздар, кәсіпкерлер ана тілімізді кеңінен қолданып, өз бағыттарында барынша дамытып жатыр. Демек «қазақ тілінің болашағы жоқ» деп айту ешқандай қисынға келмейді», — деп жазды Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Ол бұл жерде мына бір нәрсені түсініп алуымыз керектігін, мемлекеттік тілдің мәртебесі «ұр да жық» әдіспен өспейтінін нақтылайды.

«Қазақ тілін қалқан етіп популистік әрекетпен айналысуға болмайды. Нағыз тілге жанашыр адам бұлай жасамайды. Және қазіргідей алмағайып заманда мұндай әрекеттер елдегі жағдайға зиянын тигізуі мүмкін. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру нақты жоспармен, жүйелі жұмыспен атқарылады. Сондықтан туған тіліміздің тамырын тереңдету ісін алдағы уақытта да ақыл-парасатпен атқаруға тиіспіз.Сөз соңында мына дүниені айтқым келеді. Бүгінде елімізде тек қазақ тіліне қатысты ғана емес, жалпы ұлттық бірегейлікті, ұлттық болмысымызды дәріптейтін ауқымды бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ұлттық мерекеміз Наурыз жаңаша сипат алып, өзгеше аталып жатыр. «Ұлттық киім күнін» қоғам өте жылы қабылдады. Биыл алғаш рет өткен «Ұлттық кітап күні» де халқымызға пайдалы бастаманың бірі болмақ. Осылай бәрі бірте-бірте ретке келеді», деп сөзін түйіндейді ол.

Оқылып жатыр

Тоқаев сенатты таратуды ұсынды

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды

«Президенттеріңіз жақсы адам»: Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

Соңғы жазбалар

Тоқаев сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды — Тоқаев

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет

8 Қыркүйек, 2025

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.