Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Сапалы үйлер тек қалада ғана емес, ауылда да салынуы керек»: Бейбіт Исабаев Ақсу ауданын аралады

3 Мамыр, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданында бірнеше құрылыс нысандарын аралап, Балқаш көліне дейінгі автожолдың қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көріп қайтты, — деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алдымен Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автотрассасының бойындағы құрылыс жұмыстарының қалай атқарылып жатқанына назар аударған облыс басшысы жол салушы мердігер ұйым өкілдерімен тілдесті.

Атап өтсек, аталған жолдың 0-35 км толық аяқталып, пайдалануға берілген, 35-90 км учаскеде екі қабат асфальт төселіп біткен, қазір 90-104 км учаскеде асфальт төсеуге дайындық және бір қабат асфальттау жұмыстары 70-тей техниканы тарта отырып, қызу жүріп жатыр. Мердігер ұйым басшылығының  айтуынша, осы жылдың 15 маусымына дейін жол екі қабат асфальт жабынымен көлік қозғалысы үшін ашылады. Ал үшінші беткі қабатының асфальты мен абаттандырылуы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл ретте облыс әкімі жазғы туристік маусым басталғанға дейін белгіленген жұмыстарды бітіруді тапсырды.

Мұнан соң Бейбіт Исабаев Ақсу ауданындағы бірнеше құрылыс алаңдарына барды. Мәселен, Көлтабан ауылында жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысы осы жылдың қаңтар айында басталған. Мектеп 120 орынға арналған, онда 25 орынды шағын орталық қарастырылған. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Ал қазіргі қолданыстағы мектеп 1978 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасқан. Белгілі болғандай, құрылыс алаңында 50 шақты адам жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауға толық мүмкіндігі бар.
Ал Жансүгіров ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы 1200 орындық орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясы жұмыс кестесінен 3 ай алда келеді. Құрылыс жұмыстарын қаңтарда бастап, қазір 90-нан астам адам ғимараттың ішкі әрлеуіне қызу кіріскен. Соның ішінде 30 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа тартып отыр. Шағын футбол алаңын және мектептен Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйіне дейінгі тротуарды мердігер ұйым өз қаражатына жасап бермекші. Облыс әкімі ғимараттың күрделі жөндеуінің сапалы жүргізіліп жатқанын атап өтіп, нысанның инженерлік-коммуникациялық желілерін тарту мен абаттандыру ісін де осындай сапада атқаруды тапсырды.

Сол сияқты аудандық орталық аурухана ғимаратына қалпына келтіру жұмыстары мен сейсмикалық күшейту жүргізілуде. Бұл медицина нысаны 1972 жылы салынған. Содан бері ағымдағы жөндеу жүргізумен ғана шектеліп келген. Мердігер ұйым өкілдерімен тілдесу барысында Бейбіт Исабаев өткен жылдан бері созылып келе жатқан бұл құрылыс жұмыстарына қарқын беру керектігін айтып, құрылыс алаңындағы 37 адамның белгіленген жұмыс көлемі үшін жеткіліксіз екенін ескертті.

«Халық аурухана құрылысының аяқталғанын күтіп отыр, бұл – әлеуметтік маңызы бар нысан. Сондықтан сіздерден уақытылы, әрі сапалы атқарылған жұмысты талап етеміз», — деген облыс әкімі жұмыскерлер санын арттырып, іске қарқынды кірісуді қатаң тапсырды.

Облыс басшысы атбасын тіреген келесі объектілер – тұрғын үй нысандары. Алдымен ауылда салынып жатқан 60 пәтерлік үйдің құрылысымен танысты. Осыдан бір жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі дайындық деңгейі – 60 %. Сол сияқты осы үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізу жұмыстары осы сәуір айынан басталған.

«Сапалы үйлер тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де салынуы керек. Халыққа тұрғын үй қажет, баспана беру — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды шарасы. Бұл — Президенттің алдымызға қойып отырған басты міндеттерінің бірі», — деген Б. Исабаев аудан әкімі мен құрылыс басқармасына қадағалау жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Мұнан соң салынып біткен, тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін 24 пәтерлі көп қабатты үйдің ішін аралап көрді. Құрылыс сапалы жүргізілгені айқын көрініп тұр. Дегенмен облыс әкімі мердігер ұйымға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кіреберіске көтергіш орнатуды тапсырды. Сол сияқты бірді-екілі шағын ескертулер айтылды. Аталған тұрғын үй жуырда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

«Жалпы ауданда құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмысы бекітілген кестеге сәйкес уақытылы жүргізілуін жауапты мемлекеттік органдар қатаң қадағалап отыруы тиіс. Кестеден кешігу орын алған бетте, бірден шара қолдану керек. Мердігер ұйымдарға жұмыс мерзіміне қатысты да, сапаға қатысты да қатаң талап қойылады. Биыл күзде Ақсу ауданына табиғи газ жеткізіледі. Соған алдымен жаңадан салынған әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қосу ісін аудан әкімдігі пысықтауы керек. Кейінірек Ақсу зауытын да газға қосу қарастырылады. Бұл жұмысқа жүйелі жоспар жасап кірісіңіздер», — деді Б.Исабаев.

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.